• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:03:46
Алматы
+35°

24 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

ҚР Үкімет сағатында елімізде туристік полиция құру мәселесі көтерілді

Бұл жайында Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлім етті

Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін. ҚР Ішкі істер министрлігі «туристік полицияны» құруды ұсынды. Бұл жайында Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір отандық мамандар халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр. Өйткені елімізде ЕХРО 2017 немесе Азия ойындары сияқты ауқымды шаралар жиі өтеді. Жыл сайын елімізге арнайы келетін саяхатшылардың саны да артып келеді. Сондықтан шетелдік азаматтармен жұмыс жасайтын тәртіп сақшыларын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Құзырлы комитет өкілдері қазір Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып, туризм саласын дамытудың бағдарламасын әзірлеуде. Оның ішінде туристік полиция құру мәселесі де бар.

«Қазір туристік саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөнінде Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда болашақта «туристік полицияны» құру бағыты тақылануда. Олар туристермен тікелей жұмыс істейді. Бұл тұрғыда тиісті қызметтер ескерілмек. Атап айқанда, бүгінде халықаралық тәжірибені зерделеудеміз», - деді М. Қабденов.

Ең алдымен депутат Ирина Смирнова ІІМ-ге құқық қорғау органдары қызметкерлері туралы туристер арасында жағымсыз пікір қалыптасқаны туралы сауалын жолдады.

«Әрине, туризмді дамыту үшін көп мәселе шешімін табуы тиіс. Сырттан келетін туристер үшін әуежай мен вокзалға келіп түскеннен, еліне кеткенге дейінгінің бәрі маңызды. Құқық қорғау құрылымының қызметіне қатысты туристер ұшырайтын кедергілер туралы жағымсыз пікірлерге жиі куә боламыз. Бұл мәселе өзара қатынас пен түсіністікке байланысты болып отыр. ІІМ құқық қоргау органдары қызметкерлерінің мәдениетін, этикасы мен стилін қалыптастыруда қандай шаралар қабылдап жатыр?» - деп сұрады депутат ІІМ өкілінен.

Сонымен қатар депутаттар тарапынан келетін туристерге қатысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әдебі мен мәдениеті бойынша көтеріліп жүрген сыни пікірлер туралы сұрақ қойылды.

«Құқыққорғау құрылымдарының қызметі туралы кейбір теріс пікірлерге тоқталып өтейін. Шынымен де, осындай жағдайлар орын алған, алайда ол жаппай сипатқа ие емес. Полицейлер жол берген жекелей бұзушылықтар бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізеді. Бұл ретте қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Негізінен, теріс пікірлерге қарағанда, қызметкерлердің қызметіне қатысты оң көзқарастың үлесі басым», - деді Мұрат Қабденов.

ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов полицейлердің жұмысына қатысты жекелеген жағымсыз пікірлер барын мойындады.

«Құқық қорғау құрылымының қызметі туралы жағымсыз пікірлерге қатысты айтар болсақ, иә, мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ бұл жаппай сипат алып отыр деуге келмейді. Полицейлер жіберетін бұзушылықтарға қатысты ІІМ, соның ішінде жеке қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Соған сәйкес қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деді ол.

Мұрат Қабденов туристермен тікелей жұмыс істейтін арнайы полиция қызметін құру бастамасы зерделеніп жатқанын атап өтті.

«Жағымсыз пікірлерге қарағанда жақсы пікірлер көп. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Алматыдағы Азия ойындары секілді шаралар полицияның шетел азаматтарына жеткілікті жәрежеде қызмет көрсететінін дәлелдеді. Бүгінде Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту аясындағы тапсырмасы бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрі есеп бергенде ішкі істер органдарындағы кадрларды іріктеу жүйесі толықтай қайта қаралатынын айтты. Қазір біз туризм саласын қолдау мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бірқатар мәселелерді айттық. Соның бірі – туристермен тікелей жұмыс істейтін туристік полицияны құру. Онда белгіленген функциялары бар. Қазір халықаралық тәжірибені зерттеп жатрмыз», - деді ол.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамыту үшін туристік полиция қызметін құру қажет болып отырғанын, бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір