• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:45:46
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Әлем

Қадыров Зеленскийді Ленинге теңеді

Зеленский ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде президенттік қызметіндегі басты мақсаты – Қырым мен Донбассты Украина...

Рамзан Қадыров Зеленскийді Ленинге теңеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы Қадыров өзінің telegram парақшасына жазған. 

"Владимир Зеленский Украинаның президенті болып тағайындалды. Бірінші күннен-ақ ол украиналықтарға берген уәдесі 1917 жылғы Лениннің жұмысшылар мен шаруаларға берген уәделерінен де көп болды", - деп жазды Рамзан Қадыров. 

Сондай-ақ ол Зеленскийдің бұл уәделері сайлау алды кандидаттың сөздеріне ұқсайтынын айтты. Рамзан Қадыровтың айтуынша, Зеленский өзінің айтқанын өзі сенімді емес. 

Айта кетсек, Қырым 2014 жылғы референдумнан кейін Ресейдің құрамына кірді. Тұрғындардың 95 пайызынан көбі Ресейдің құрамына кіруді қолдап, дауыс берген. Мәскеу қаласында қрымдықтар БҰҰ жарғысы мен халықаралық талаптарға сай өз таңдауларын жасаған. Тіпті Путин бұл нүктесі қойылған, жабық тақырып екенін мәлімдеген. 

Еске сала кетсек, Зеленский ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде президенттік қызметіндегі басты мақсаты – Қырым мен Донбассты Украина құрамына қайтару екенін баса айтқан болатын. 

Оқи отырыңыз: 

♦Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!

♦Украина саған айтам, Қазақстан, сен тыңда!

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір