• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:25:42
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2018 Әлем

"Ғасыр адамы" қайтыс болды

Қаралы хабарды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Twitter парақшасы арқылы естіртті.

АҚШ-тың 41 президенті 95 жастағы Джордж Буш 30 қарашада қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Экс-президент туралы қаралы хабарды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Twitter парақшасы арқылы естіртті.

Экс-президент өлімінің нақты себебі белгісіз. Бірақ 2012 жылдан бастап Джордж Буш Паркинсон дертіне шалдыққан.

«Вашингтон пост» басылымы америкалық лидердің қатаң саясаткер екенін, халықты күресуге мәжбүр еткенін жазған. Алайда басылымның мәліметіне сүйенсек, Джордж Буш негізгі жетістіктеріне келіссөз кезінде қол жеткізген. Соңында басылым Бушты ғасыр адамына теңеді.

Айта кетсек, Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында президент қызметін атқарған.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір