• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:43:46
+35°

12 Қазан, 2018 NEWS

Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді

Николай Кучманың Түркия азаматын кешіргенін естіген желі қолданушыларының көбі «істі соңына дейін жеткізу керек» деп пікір білдірген.

Түркия азаматынан таяқ жеген жедел-жәрдем жүргізушісі Николай Кучма заң бұзушыға кешірім берді. Мұндай шешім қабылдауына Түркия азаматының емшектегі баласы мен әйелі бар екені ескерілді. Бұл туралы оның сенім білдірушісі Андрей Диденко хабарлады.

«Зәбір көрген Николай Кучманың моральдық және материалдық шығыны өтелді. Олар сомманы айтпауды өтінді. Николай Кучма Алмалы аудандық соты мен Алмалы аудандық Прокуратураға Демир Эбузер Алиге қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш жазды. Соңғы нүктені сот қояды», - дейді Андрей Диденко.  

• Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)

• Үлкенге қол көтерген бұзақы Түркия азаматы болып шықты (видео)

Николай Кучманың Түркия азаматын кешіргенін естіген желі қолданушыларының көбі «істі соңына дейін жеткізу керек» деп пікір білдірген. Андрей Диденко жедел жәрдем жүргізушісін бұл әрекеті неге негізделгенін де түсіндіріп өтті.

«Барлық жағдайды ескере отырып сот Түркия азаматын бас бостандығынан айырып, мемлекеткеттің пайдасына үлкен көлемде айыппұл салар еді. Сараптама көрсетіп отырғандай, сот тәжірибесінде жәбірленушіге моральдық шығынға көп өтемақы бермейді. Тіпті арты өлімге соқса да. Бұл - сот «жаман» дегенді білдірмейді. Қарапайым азаматтардың кірісі мен жалақылары көп емес. Сондықтан сот моральдық шығын ретінде көп ақшаны тағайындай алмайды», - деп түсіндірді Андрей Диденко.

Естеріңізге сала кетейік, өзге ұлт өкілі жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде таралды. Оқиға Алматы қаласындағы Мақатаев көшесінде болған.

60 жастағы Николай Кучманың беті жарақаттанып, қабағы жарылған. Оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге қол жұмсаған Түркия азаматы Демир Эбузер Алиге қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бап 293 бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір