• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:46:07
Алматы
+35°

Жалпы «ауру-астан» деген сөз бар. Бірақ бұл аурудың барлығы да астан келеді деген сөз емес. Деннің саулығы ең алдымен адамның өзіне байланысты. Сондықтан ерте тұрып, сергек жүріп, салауатты өмір салтын ұстанғанның қашан да ұтары көп.  Дегенмен денсаулықты нығайтуға қатысты мемлекеттің жасап жатқан шараларының барлығы адамға арналғанын ұғыну керек және ол мүмкіндіктерді пайдаланған дұрыс. Өйткені мемлекеттің ең байлығы -адам және оның денсаулығы. Сондықтан өзінің дімкәстігін біреуден көру артық. Қазақстанның Ата Заңында да «мемлекет адамның өмір сүруіне, білім алуына, денсаулығын нығайтуға» көңіл бөлетіні  атап көрсетілген. Бұл орайда мемлекет басшысы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен бақуатты өмір сүруін және денсаулығын нығайтуға барынша назар аударып келеді.

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет. Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан   бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек» деп атап көрсеткені белгілі.

Расында да Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем қазір ұзаққа созылатын сырқаттардан  зардап шегіп отыр. Президенттің де «созылмалы ауруларды ертерек диагноз жасап, алдын алу арқылы амбулаториялық басқаруға көшу қажет» деп отырғаны сол. Сондықтан да қазір үкіметтің алдында Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға қатысты басты міндеттер тұр. Жалпы бұл орайда салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бар. Аталған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2017 жылы  Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды.   Қазіргі басты міндет–инфекциялық аурулардан болатын өлімді азайту, ана мен бала өлімін төмендету, туберкулез індетін төмендету немесе болдырмау, міне осының барлығы күн тәртібінде тұрған мәселе. Қолданылған шаралардың нәтижесінде соңғы кездері созылмалы аурулармен сырқаттанатын адамдардың саны күрт кеміді. Бұл ең алдымен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі екені сөзсіз. Дерекке жүгінер болсақ, соңғы он жылда туберкулезбен сырқаттанатындар 2,4 есеге дейін төмендеді, 100 мың адамға шаққанда 2008 жылы сырқаттанушылардың көрсеткіші 125,5 болса, 2017 жылы 52,2 дейін төмендеді. Үкімет таяудағы уақытта бұл көрсеткішті  45,0 -ке  жеткізуді меже санап отыр. Демек, нәтиже бар. Тағы да соңғы он жылдағы деректерді саралайтын болсақ, оң нәтиженің барған сайын көрініп келе жатқанын байқауға болады. Республикада  соңғы 10 жылда туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 5,6 есе төмендеді. Мұның себебі неде? Біріншіден, мемлекет денсаулық саласына барынша көңіл бөлуде. Сырқаттың себебін ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер тұрақты түрде және жиі өткізіліп келе жатыр.  «Денсаулық бағдарламасына сәйкес қазіргі кезде скринингтік тексерулерден өткізілетін  адамдардың жас топтары ұлғайтылды. Демек, бұдан шығатын тұжырым, созылмалы аурулардың алдын алу үшін үкімет пен тиісті министрліктер  елдегі адамдардың барлығын қамтуда. 2018 жылдан бастап Қазақстанда «Тестіден өт және емдел» жүйесін енгізу басталды. Үкімет жағдайды барынша жақсарту үшін туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылдады және бұл қазіргі кезде тұрақты түрде  оң нәтижесін беріп жатыр деп сеніммен айта аламыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір