• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:30:41
+35°

13 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Риддер қаласының тұрғыны қызын зорлаған қылмыскерді соттамауды сұрады

Бұл туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев хабарлады.

Риддер қаласындағы зорлық көрген қыздың анасы қылмыскерді бас бостандығынан айырмауды сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Ананың бұл шешімі сот пен сотқа қатысушыларды таңғалдырмай қоймады. Бұл туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев хабарлады. 

Айыпталушыға химиялық кастрация жасалып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Қылмыскер қыздың әкесі болып шықты. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде қыздың бірнеше рет зорланғаны анықталды. Сондай-ақ, қыз қатты қорқып қалған. Сол себепті оқиғаның мән-жайын біраз уақыт өткеннен кейін айтып беріпті.

"Қылмыскердің кінәсі толық дәлелденді. Қылмыстық іс жабық түрде өткендіктен біз барлық ақпаратты айта алмаймыз", -  деді  Чакпантаев. 

Алайда алғашында полицияға арызданған қыздың анасы соттың қатал шешім шығарғанын айтыпты. 

"Анасы соттан қылмыскердің жазасын жеңілдетуді, соттамауды сұрады. Біз таңғалдық. Мұндай оқиға екінші рет қайталанып тұр. Зорлық көрген қыздың анасы "олар өтемақысын төледі, енді босатыңыздар", дейді. Бұл туған қызын ақшаға айырбастау ғой. Бірақ соттың шешімі өз күшінде қалады", деді сот алқасының төрағасы. 

Аударған: Әсел Болатқызы 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір