• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:25:54
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019

"Қазақтарды бейшара етіп көрсете береді": Министр сапалы кино түсіруге шақырды

Министр жас режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмін мақтады. Аталған кинокартинаны мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырған.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік ақшаға тек елдің рухын көтеретін туындыларды түсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Не туралы екені түсініксіз, "жаны" жоқ фильмдерді көрсетуді қою керек. Виртуалды махаббат, тарихи махаббат деп неше түрлі кино түсіреді, бірақ тарих туралы ештеңе жоқ. Ондай туындылардың бізге не керегі бар? Мемлекеттік ақшаға тек халықтың намысын оятатын, елдің рухын көтеретін туындыларды түсіруіміз керек",- деді Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқасында.

Министр жас режиссер Эмир Байғазиннің "Өзен" фильмін мақтады. Аталған кинокартинаны Мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырған.

Мұрат Ахманов
 

"Осы фильмі үшін ол Венесиан фестивалінде ең беделді үздік режиссер сыйлығын алды. Осы арқылы ол туындыда рухани, адами құндылықтарды дәріптеу арқылы халықаралық сыйлық алуға болатынын дәлелдеді. Әйтпесе, бұған дейін көрдіңіздер ғой, қазақтарды бейшара етіп көрсете береді", - деген Мұхамедиұлы режиссерлерді мағынасы терең, сапалы фильмдер түсіруге шақырды.

Ол кино тек көркем құбылыс емес, сонымен қатар бизнес екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет ірі шетелдік кинокомпанияларды тарту жұмысын мақсатты түрде жүргізіп жатыр.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір