• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:56:54
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда әрбір мемлекеттік қызметке 16 адам үміткер

Бұл жөнінде бүгін Елбасының Қазақстан халқына жолдауы барысында мәлім болды

Бұл жөнінде бүгін Елбасының Қазақстан халқына жолдауы барысында мәлім болды. Бұрын аталмыш өңірде мемлекеттік қызметтегі бір орынға 2 адам ғана ниет білдірген.

Елбасы жолдау барысында мемлкеттік қызмет саласының сапасына тоқталды. Қызметкерлер санын қажетінше қысқарту арқылы қаржыны үнемдеп, сапалы жұмыс істейтін мамандармен толықтыру қажеттігін алға тартты.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы 939 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі Астана, Алматы қалаларымен бірге Маңғыстау облысына да енгізілген болатын. Осыған орай, Елбасы жүйеге өзге өңірлерден бұрын алғашқы болып енген аймақтың басшысынан бұл жобаның нәтижелерін сұрады.

-Нұрсұлтан Әбішұлы, өзіңіздің берген тапсырмаңызға байланысты нақты нәтижелер бар. Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2,5 есе көбейді. 84 мемлекеттік қызметкер қысқартылды, оның 24-і басшылар. Бұрын әр мемлекеттік қызметке 2 адамнан келсе, қазір 16 адамға дейін жетті. Мемлекеттік қызметтің деңгейі 4 есе өсіп, арыз-шағымдар саны 3 есе азайды. Сонымен қатар бүгінде оптимизацияның арқасында мектептерде, медицина саласында 536 млн теңге экономия шығып отыр. Құрылыс саласына да веб-технологияны енгізе отырып, 1,8 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндігіміз бар. Қажетсіз жобаларды тоқтатудың нәтижесінде бүгінде 4 млрд теңгеге дейін бюджет қаржысы үнемделеді деп жоспарлап отырмыз, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір