• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:37:08
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 Аймақтар

Маңғыстауда 2019 жылы онкологиялық диспансер пайдалануға берілмек

Ақтауда облыстық онкологиялық дипансердің құрылысы қайта жанданды

Ақтауда облыстық онкологиялық дипансердің құрылысы қайта жанданды. Құрылысы 2011 жылы тоқтап қалған нысанның жұмысымен облыс әкімі Ералы Тоғжанов танысып қайтты. Биыл нысан құрылысын жалғастыруға 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, диспансер құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталмақ.

Облыстық онкологиялық диспансерде 100 орындық аурухана және диагностикалық орталық болады деп жоспарланған. Бірінші қабатта емхана, екінші қабатта әкімшілік корпус орналаспақ. Жоғарғы қабаттарында химиотерапия, хирургия, сәулелік терапия т.б. күндізгі ем-шара бөлімдері жасақталады.

Қазіргі таңда жаңа клиникада жұмыс істеу туралы білікті медицина мамандарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жауапты қызметкерлерге құрылыс барысы туралы апта сайын баяндап тұруды тапсырып, барлық қажетті заманауи жабдықтарды сатып алу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Мәңгілік алау» монументінің қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Шілд еайында басталған жөндеу жұмыстары 2018 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Қазіргі кезде аллеядағы тротуар толығымен алынып, орнына бірден жаңасы төселіп жатыр. Бұдан бөлек, ескерткіштің сыртқы ескі керамикалық қабаты алынып, сұйық травертинмен қапталуда. Мәрмәр еден төсеніштері жаңадан ауыстырылады. Сондай-ақ, айналада жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шамдар орнатылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір