• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:25:47
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Әлем

Конор Макгрегор ирландық үйсіз, аз қамтылған отбасына арнап 8 үй салдыртып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әдетте 30 жастағы спортшы әлеуметтік желіні өзінің шамамен 75 миллион фунт стерлинг құрайтын байлығын көрсету үшін пайдаланатын.

Бірақ бұл жолы екі салмақтағы UFC бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор өзінің " ауыз толтырарлық мақтанышы" — Дублиндегі үйсіз, аз қамтылған отбасыларға арнап салдыртып жатқан сегіз үйдің құрылысын көрсетті.  

Конор

Құрылыс орнына бүгін келдім.  Бұл жылжымайтын мүлік құрлысындағы ең алғашқы жобам. 8 үй бітіуге таяу қалды. Үйлерде үш жатын бөлмесі бар. Мұның бәрі қала бойынша әүтүрлі қонақүйлерді мекен етіп жүрген, өз үйлері жоқ отбасыларға арнап салынып жатыр. Сәл шыдасын. Дауылдан кейін де күн шығады!

Конор

–"Құрылыс аймағын аралап шықтым. Барлық көршілермен кездестім. Жақында осында отбасылар тұратынан сезіп, қуанып тұрмын. Олардың жаңа естеліктері, жаңа өмірлері басталады! Мен бұл ісімді мақтан тұтамын! Ирландия жасасын!"

Конор

Макгрегордың әлеуметтік желідегі жазылушылары әдетте спорттық көліктер, қымбат виллалар мен жеке ұшақтарының суреттерін ғана көретін. Бірақ бұл жазбасы жанкүйерлері арасында өте жоғары танымалдылыққа ие болып, оқырмандары чемпионды басқа қырынан тани бастады.

Макгрегор

Макгрегор

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір