• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:58:03
+35°

14 Қараша, 2017 NEWS

Бірқатар ломбардтарға шабуыл жасаған күдіктілердің құпиясы ашылды (видео)

Бірнеше ломбардтқа шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған 20 жастағы екі жігіттің бірі алматылық тұрғын болса, бірі Алматы облысының Қарасай аймағынан

Бірнеше ломбардтқа шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған 20 жастағы екі жігіттің бірі алматылық тұрғын болса, бірі Алматы облысының Қарасай аймағынан, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ұрлықтың анық-қанығы туралы Алматы ІІМ криминалды полиция басшылығында подполковник қызметін атқарушы Жанболат Зиадин айтып берді:

«Жүргізілген шұғыл жұмыстар барысында көрсетілгендей, аталмыш күдіктілер Абай мен Алтынсарин көшелері қиылысында орналасқан ломбардтарды тонауға қатысы бар. Олар пышақ және пневматикалық қарумен кассирдің зәресін алып, 8 ұялы телефон, айпад, 71 мың теңгені жымқырған. Олар ұрланған заттарды қолданып үлгере алмады, себебі тез арада полиция қызметкерлері олардың ізін суытпай, тауып алды. Заттай айғақтар Түрксіб аймағындағы үйлердің бірінен табылды. Олар қолайлы уақыт туғанша, заттарды жерге көме тұруды шешкен»,- деді.

Дәл қазіргі уақытта, ұсталғандар күзетке алынды. Бұдан бірнеше сағат бұрын олар Алматыдағы Әуезов аймағында дәл осындай қылмыс жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір