17 Тамыз, 2018 NEWS
Қарағандыда кондуктор жолаушыны соққыға жықты
Зардап шеккен жолаушы Астана қаласының тұрғыны болып шықты
Қарағандыда 16 жастағы кондуктор 28 жастағы жолаушыны соққыға жықты. Бұл жайында облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, зардап шеккен жолаушы Астана қаласының тұрғыны болып шықты.
«16 тамызда Қарағанды қаласындағы аялдамалардың бірінде кондуктор болып жұмыс істейтін 16 жастағы жасөспірім қоғамдық көлікте 28 жастағы жолаушының денесін жарақаттаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында дереу қолға түсірді. Аталмыш жайттың мән-жайы әлі анықталуда. Зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен жергілікті ауруханаға барған», - дейді баспасөз-қызметіндегілер.
Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293 бабы 1 бөлімі бойынша «Бұзақылық» айыбымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір