• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:38:56
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2019 Оқиғалар

"Шетелге барамын деп..." Шенген аймағына кіре алмай қалды

Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Ілияс Омаров: Бізге полициядан хабарласып, жұмыс іздеп келген отандасымыздың бүгін соңғы жұмыс күні екенін хабарлады.

Норвегия еліне құрылысшылар қажет екенін естіген  Берік Айжанов (есімі өзгертілд - реді) ол жаққа барып жұмыс істеуге бірден келіскен. Жұмыс беруші оған ай сайын 2000 евро беріп отыруға келіскен. Дегенмен, Берік бұл оқиғаның соңы немен бітерін сол кезде білген жоқ.

Шетелде жұмыс істеу үшін бірінші Берікті Оңтүстік Кореяға жібереді.  Ол еліміздегі жұмыс берушімен тікелей байланысқа шыққан. Компанияның офисі Оңтүстік Кореяның орталығында орналасқандықтан ол бұл жағдайға мүлде күмәндәнбаған. Құжаттарды рәсімдеу үшін ол 3000 евро төлеген екен. Жұмыс беруші бір жылдық Шенген визасын алып беріп,  Эстония елшілігі арқылы  Литва астанасына билет сатып алып береді. Вильнюсте біздің отандасымыз Ослода ұшаққа шығарып салған жұмыс берушімен кездескен. Сол жерден 90 евроға билет сатып алды.

Отандасамыз өткен  жылдың 11 желтоқсанында Ослоға келіп, Норвегия астанасына жақын жерде орналасқан Сорсуман қаласында құрылысқа жұмысқа орналасады. Ол жерде 1 ай жұмыс істегенімен, тиісті жалақысын ала алмаған. Осыдан кейін Алматыдағы жұмыс беруші мен құжаттарын рәсімдеген компаниямен байланысқа шыққан. Олар жағдайды тезірек шешіп беруге уәде еткенімен, отандасымыз оларды күтіп отыруды жөн көрмепті. Осы жағдайдан кейін оны полиция бөлімшесіне алып барып, Норвегия заңына сәйкес департациялау туралы үкім шығарады. Берік Осло түрмесінде бірнеше түн өткізіп барып, Алматыға жіберіледі.

Норвегияның полиция өкілдері тұтқын туралы Қазақстан елшілігіне хабарласқан. Берік Айжанов елшілікпен телефон арқылы байланысқа шыққанымен,  өкінішке қарай,  елшілік онымен кездесуден бас тартқан. Полиция  Берікке түрмеде жақсы жағдай жасалғанын және оған барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілетіндігіне сендірмекші болған.

Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Ілияс Омаров: "Бізге полициядан хабарласып, жұмыс іздеп келген отандасымыздың бүгін соңғы жұмыс күні екенін хабарлады" - дейді.

Елшінің айтуы бойынша, келесі күні полициямен мүлде байланысқа шыға алмаған.

«Олар бізді нақты дәлелдермен қорқытты» - дейді ол. «Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз кейде басқа елге келген кезде уақытша консулдық тіркеуге тіркелмейтінін мойындауымыз керек. Сондықтан біз оларға тиісті көмек бере алмаймыз. Олардың келуінен хабардар болмағандықтан, осындай қиын жағдайларда дер кезінде көмек көрсету қиындық туғызады» - дейді  Қазаққстанның Норвегиядағы елшісі.

Орын алған оқиғаның салдарынан қазақстандық азамат  Берік Айжановқа үш жыл бойы Шенген аймағына кіруге тыйым салынды.

 Аударған: Жандар Фариза

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір