• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:34:17
Алматы
+35°

Қазақстандық депутаттар Лениннің ескерткішіне алаңдаулы екенін жеткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.  

Мәжіліс депутаты Косаревтің айтуынша, қазақтың тарихи ескерткіштерінен бөлек, кеңес кезіндегі құндылықтар да сақталып қалуы керек. Сондай-ақ кеңес кезіндегі ескерткіштердің сақталуы туралы арнайы құжатта да көрсетілуі қажет. 

"Кеңес кезіндегі ескерткіштерді сақтап қалу қажет. Себебі бізде моральдық тұрғыдан жауапкершілік бар. Лениннің басы қоқыста жатқан қалада қалай өмір сүреміз? Бізде қоғамның мәдениетіне жауап беретін Мәдениет және спорт министрлігі бар емес пе?", дейді Косарев. 

Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы Косаревтің пікірімен келісетінін жеткізді. 

"Иә, сіздің пікіріңіз орынды. "Ленин өмір сүрді, тірі және өлмейді", деген ұран бар еді ғой", деп әзілдеді министр. 

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы, бұл мәселеге қатысты түрлі іс-шаралардың атқарылып жатқанын айтты. Министр Алматыдағы Сарыарқа паркін мысалға келтірді. 

"Сіз сол жерге барып, демалып, гүл қойсаңыз да болады. Біз бәріміз 22 сәуірде (Лениннің туған күні — Ред.) сол жерде болуымыз керек, әрине", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір