• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:24:38
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Аймақтар

Қазпошта бөлімшелерінен Activ абоненттері өз бірліктерін қолма-қол ақшаға айналдырып ала алады

Қазақстанда белгілі Kcell мобильді абоненті қаржылық қызметтерді дамытуды одан әрі жалғастыруда

Енді Activ абоненттерінің тұтынушылары «Қазпошта» АҚ 3400 бөлімшесінде өз мобильді нөмірлерінің теңгерімін қолма-қол ақша қылып алуға мүмкіндік туды.

Қазақстанда белгілі Kcell мобильді абоненті қаржылық қызметтерді дамытуды одан әрі жалғастыруда.

Естеріңізде болса, Kcell 2015 жылдан бастап нарық үшін мобильді қаржылық сервистерді белсенді дамытып келеді. Қазіргі уақытта компания абоненттеріне мобильді нөмірлердің теңгерімінен түрлі тауарларды, ойын-сауық іс-шараларына билеттерді сатып алуға және автотұрақ пен Алматыдағы қоғамдық көліктердегі жолақыны төлеуге мүмкіндік береді.

Mobi Money порталы арқылы тауарларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, онлайн ойындар үшін төлемдер жасауға болады. Енді Activ абоненттерінде «Қазпошта» АҚ 3400 бөлімшесінде өз ұялы нөмірлерінің теңгерімінен ақша қаражатын алу мүмкіндігін енгізіп жатыр.

«Біз Kcell брендін пайдаланушылар үшін мобильді баланстан тауарлар мен қызметтерді төлеуді енгізу үшін үлкен жұмыс жүргіздік.  Kcell және Activ клиенттеріне екі түрлі биллинг-жүйе (абоненттік нөмірлерге техникалық қызмет көрсетуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) қызмет көрсетіледі, сондықтан бізге компанияның барлық абоненттері үшін мобильді қаржы қызметтерін біртіндеп іске қосу үшін уақыт қажет болды. Енді біздің барлық тұтынушыларымыз Mobimoney.kz қаржы порталынан SMS арқылы түрлі қызметтер мен тауарларды төлей отырып, мобильді теңгерімді пайдалана алады. Тұтынушыларымызға осындай мүмкіндік сийлағанымызға қуаныштымыз» – деді «Kcell» АҚ атқарушы директоры Арти Отс.

Kcell-дің қолжетімді төлемдер мен компания серіктестерінің тізімі Mobimoney.kz сайтынан көруге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір