• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:32:46
Алматы
+35°

23 Қазан, 2018 Аймақтар

Қазпошта Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің 15 жылдығына арнап мерекелік марка шығарды

Оның салтанатты рәсімі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне байланысты ұйымдастырылды

Биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің құрылғанына 15 жыл. Осы айтулы мерекеге орай «Қазпошта» АҚ «ҚР-ның Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне 15 жыл» тақырыбындағы пошта маркаларын айналымға шығарды.

Оның салтанатты рәсімі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне байланысты ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Астанада өтіп, оған ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов қатысты.

Бұл маркада Бейбітшілік және келісім сарайының суреті бейнеленген. Ал таралымы – 20 мыңды құрайды. Өлшемі – 156х150 мм.

Бұған дейін Қазпошта өзінің 25 жылдығына орай мерейтойлық маркаларын шығарған болатын. Ол маркаларда Қазақстан поштасының өміріндегі ең маңызды сәттер бейнеленген. Олар: тәуелсіз Қазақстанның алғашқы маркасы «Алтын Сарбаз», пошта және телеграф кеңсесіндегі алғашқы үйі, пошта бөлімшесінің соңғы жетістіктері және балалардың көзімен болашақтағы қазақстандық пошта. Бүгінде компания жылына 80 млн-ға жуық клиентке қызмет көрсетеді. Бұған қоса, Астана, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларында 6 цифрлық кеңсесі жұмыс істеп тұр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана және Алматы қалаларында е-commerce орталығы ашылды. Онда 1200-ден астам кәсіпкер онлайн сатуды қолға алды. Осы екі шаһарда 1 млн-ға жуық сәлемдеме жеткізілген фулфилмент-орталығы іске қосылды. 6 мыңнан астам қолданушы онлайн төлем жасау үшін post.kz сайтындағы электрондық әмиянды қолданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір