• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:39:48
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Экономика

Марғұлан Сейсембай: Тәуелсіздігімізді жоғалтуға бір-ақ адым қалады...

Үкімет мемлекеттік бағдарламалары бойынша мойнына алған міндеттерінің біреуін де толық орындамай отыр!

Аграрлық салада ауқымды дағдарыс басталуда. Үкімет мемлекеттік бағдарламалары бойынша мойнына алған міндеттерінің біреуін де толық орындамай отыр!

Бірінші тауық етін өндіру саласының субсидиялары төленбеді. Бұл біз тауық етін тұтыну мөлшерінің 47% импорттауына қарамастан!
Қазір ірі қара мал саласының субсидиялау проблемасы.

Өсімдік саласындағы субсидиялау саясаты да көп сұрақ туғызады.

Балық саласында субсидия мүлдем жоқ! 

"Осы ауыл шаруашылығына субсидия не керек?" деген сұраққа жауапқа мынандай айтарым бар. Субсидия мәселесі ол біздің ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың тиімсіздігінде емес, мәселе басқа мемлекеттердің өз өндірушілеріне төлейтін субсидия мөлшерінде. Ол мемлекет аралық субсидиялар соғысы. Ресей мен Беларус мемлекеттері өз өндірушілеріне біздікінен 2-4 есе көп субсидия төлесе біздің өндірушілер оларға қарсы қалай бәсеке болмақ?

Егер біздің мемлекет субсидия төлегісі келмесе онда ол Ресей мен Беларус үкіметтерімен субсидияларды мүлдем алып тастауға келіссін, немесе Кедендік Одақтастықтан шығып кеден салығын еңгізіп біздің нарықты қорғау керек.

Осы шараларды істемесе онда біздің нарықты импорт жаулап алып, біздің ішкі өндірісіміз өліп, азық-түлік тәуелсіздігімізді жоғалтып, негативтік сауда балансы пайда болып, девальвация және басқа да экономикалық дағдарысының салдары пайда болады.

Одан кейін тәуелсіздігімізді жоғалтуға бір - ақ адым қалады.

Марғұлан Сейсембайдың Facebook парақшасынан алынды

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір