• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:56:47
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Аймақтар

Алматы әкімі қаланың арық желілерін салу және қайта жасау барысын тексерді

Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді

Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың арық желілерін салу және қайта жасаудың барысын тексерді, сонымен қатар Үлкен Алматы өзені жағалауының, Медеу және басқа да тау бөктерлерінің ылдилы учаскелерін нығайту жұмыстарымен танысты.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты.

Алматы

Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы орнатылған.Бөктерлі жерлерді инженерлік қорғау барысында анкерлерге габионды торлар қойылған. Габионнан жасалған конструкциялар интенсивті су және жел эрозиясы кезінде өзінің бастапқы қалпын еш өзгертпейді. Габиондар ұзақ мерзімді, нысан топырақпан толтырылады, тапталады, содан кейін ландшафтың табиғи элементіне айналады. Бүгінгі күні құрылыс мердігері «Saffat Building Group» ЖШС жұмыстың 98%-ын атқарған, объектіні іске қосу 20 қарашаға жоспарланған. Келер жылдың көктемінен бастап учаскені жасылдандыру жұмыстары қолға алынады. Қарашаның соңына дейін Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолдың тау бөкетерлері нығайтылатын болады.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек «Бағанашыл» ықшам ауданындағы жұмысты да тексерді. Жобалаушылар топырақтың құрамы мен сейсмикалық жағдайын ескере отырып, тірек қабырағсын жасаған. Қауіпті учаскенің жалпы ұзындығы 200 метр. Қазіргі кезде мұнда барлық жұмыстың 70%-ы орындалған, сайлы жерлерді кесу және топырақты сыртқа шығару жұмыстары жүруде.

«Технологиялық күрделі жоба. Учаскеде 40 маман, 20-дан астам техника бірлігі жұмыс істеуде. Жұмыс екі кезеңде, яғни тәулік бойына жүруде. Негізгі жұмыстардың барлығы қарашаның соңында бітеді», - деді мердігерлік ұйымның директоры Валерий Соломкой.

Алматы әкіміне «Кіші Алматы» өзені арнасының бойындағы Таиров көшесінің ұзындығы 470 метр болатын ылдилы жерінің габионды тормен нығайтылғаны айтылды.

«Тұрғындардан қауіпті аймақ туралы 2013 жылдан бері шағым түсіп келген еді. Ылдилы учаскеде 150 үй бар. Қазір нығайту жұмыстары толық бітті, 2-3 күннің ішінде абаттандыру жұмыстарын да аяқтаймыз», -деді «Арыс ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымының бас директоры Қуат Тажмағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір