• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:29:10
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019

Әли Оқапов Димаштың кемшілігін айтты: бұл – шындық!

Әлидің айтқанымен өнердегі аға-әпкелері келісе қоймайды.

Али Оқапов Димаштың хит әні жоқ екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазақстандық әнші бұл туралы Ревю бағдарламасына берген сұхбаттарының бірінде айтқан. 

 — Димаш дегенде, біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын, көз алдымызға аламыз. Ал Димаш, осындай ән дейтіндей өкінішке орай бірде-бір ән шықпаған. Бұл енді ақиқат, бұл – шындық! Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білемін. Қаншама концерттерді бергенін білемін. Бірақ, Димаш – әлемдік әндердің каверін орындаудан өз тыңдармандарын тапқан немесе жаулаған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек! - дейді Әли Оқапов. 

Әлидің айтқанымен өнердегі аға-әпкелері келісе қоймайды. Музыка майталмандарының пайымдауынша, Димаш шырқаған әрбір шығарма өзіндік ерекшелігімен тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген. 

"Оның барлық әні хит. Мен келіспеймін. Бізде «хит» деп арзанқол әндерді хит қылып алған ғой. Бүгін «ымба-ымба» дейді. Таңертең ол хит болып шығады. «Дайдидауды» төрт жасар балаға дейін айтады және бәрі Димаш сияқты айтуға тырысады", - дейді Майра Ілиясова. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір