• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:33:37
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Ұрлағандарын доллармен офшорлап, «доллардан құтылу керек» деп неге сандырақтайды?

Біздің бір мықты немесе мықтылар 350 миллиард АҚШ долларын ұрлап, офшор асырған дейді.

Біздің ұрылар да доллармен ұрлаған ба?..

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдеріндегідей қазақ теңгесі да сағат сайын құнсызданып барады.

АҚШ-қа ерегескен «Ресей министрі: Доллармен есеп айырысудан бас тартуымыз мүмкін...»-депті. Біздікі онысыз да орыстың қабағын аңдып отырған бейшаралар. Таяу арада  анларға жағымпазданып, осындай бірдеңені бықсытуы әбден мүмкін.

Түркияның Ердоғаны неше күн болды лираның құнсыздануын АҚШ-тан көріп, доллардан құтылудың жолын іздеуде. Өзі Ресейдің алдында жалпаң қағуда.

Жә, дұрыс делік.

Әлем ақпарат құралдарының жазғандарына қарағанда біздің бір мықты немесе мықтылар 350 миллиард АҚШ долларын ұрлап, офшор асырған дейді.

Путиннің де, Ердоғанның да және басқа «мәңгілердің де» ұрлап, офшорға тыққандарына сан жетпейді дейді білгіштер.

Егер осылар шын мықты, халқының жағдайын ойлайтын нағыз көсемдер болса, ана офшорларға тыққан миллиардтарын бірден ұлттың валютаға айырбастап, өз елдерінің кассаларына салсын дер едім.

Өздері бар ұрлағандарын доллармен офшорлатады да  «доллардан құтылу керек» деп неге сандырақтайды екен?

Бүгінде билік басындағы құдайлардың ұрламағандары, доллармен тықпыштамағандары жоқ екен.

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым...»(Абай), сонымен кімге бұлар доллардан қалай құтылмақшы екен?

Мен түсінбедім...

 

Бейсен Нарынбай

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір