• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:52:15
Алматы
+35°

27 Шілде, 2018 Әлеумет

Қажымұрат Шешенқұл өзінің тірі екендігін дәлелдеп бағуда

Қажымұрат Шешенқұл емханаға барса, "сіз өлгенсіз" деген жауапты естігенде таң қалғаннан төбе шашы тік тұрған.

Тірі адамды өлдінің қатарына жатқызу біздің Қазақстанда сирек орын алатын жағдай емес. Тіпті бір адам екі рет өледі. Әнші Қажымұрат Шешенқұл емханаға барса, "сіз өлгенсіз" деген жауапты естігенде таң қалғаннан төбе шашы тік тұрған. Сұмдық жайтты әнші Алматы арнасына әңгімелеп берген екен.

 «Ортақ базаға кіріп, менің деректерімді енгізді. Ақпаратқа сенсек, мен 2013 жылы қайтыс болған азаматпын» дейді Қажымұрат. Ең қызығы, мұндай жағдайды Қажымұрат басынан бірінші рет кешіп жатқан жоқ. 2013 жылы туған інісін өлтіріп кетіпті. Інісінің қазасынан кейін бір жыл өткен соң машинаны өз атына аудару кезінде інісімен бірге өзінің де марқұм санатында екенін білген.

«2014 жылы базада мені «өлген» деп тіркепті. Ұзаққа созылған дәлелдеу процесінен кейін құзырлы органдар қателіктерін мойындады. Содан бері төрт жылда бәрі жақсы болатын. Ал, енді бәрі қайтадан басталды. Жеке куәлігімді де ауыстарғанмын. Өзім тірімін бе, өлімін бе, білмей қалдым» депті Қажымұрат Шешенқұл.

ХҚКО-на барған Қажымұрат өзінің шағымын жеткізеді. Белгілі болғандай, құжаттары бойынша бәрі дұрыс. Яғни тірі.

«Бізге бір клиент «емханаға барсам, сен тірілердің қатарында жоқсың деп айтты» деп шағымданып келді. Біз өз базамызды тексердік. Бәрі дұрыс. Демек емхананың базасын жаңарту шарт» деді ХҚКО Медеу аудандық басқармасының бөлім жетекшісі Сабина Тауан.

Емханадағылар болса, базаны уақытылы жаңартып отыратындарын айтып әлек болды. Дегенмен өздерінен кеткен қателікті мойындап отыр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір