• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:32:50
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Қазақстандағы президент сайлауын кімдер бақылайды?

Бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді

2019 жылғы 13 мамырда Орталық сайлау комиссиясы «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 22 бақылаушының аккредиттелгенін хабарлады.

Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай бақылаушылар жөніндегі деректер жаңартылады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау коммисиясы 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.

Сонымен,бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір