• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:34:42
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2018 Саясат

Қазақстан молдаван олигархі Статимен арадағы дауда жеңіске жететініне сенімді

Лондонның Жоғары соты Қазақстан активтерін бұғаттаған АҚШ банктерінің әрекеті қаншалықты заңды екенін қарайды.

Лондонның Жоғары соты Қазақстан активтерін бұғаттаған АҚШ банктерінің әрекеті қаншалықты заңды екенін қарайды. Бұл туралы Қазақстанның әділет министрлігі хабарлады.

Сейсенбі күні судья молдаван Анатол Статидің, оның ұлы Габриэльдің дауды ағылшын сотының қарауына негіз жоқ деген арызын кері қайтарды.

Қазақстан мұнай-газ секторына инвестиция салған Статилер меншігін мемлекет рейдерлікпен басып алды дейді. Олар төрт миллиард доллар шығынды өтеуді талап еткен. Статилердің Ascom Group и Terra Raf Trans Trading компаниясы бұның алдында халықаралық арбитражда Қазақстанға қарсы 500 миллион доллардың ісін жеңген. Айыптауларды жоққа шығарған Астана сот шешімінің күшін жою үшін сотқа жүгінген.

Қазақстан әділет министрлігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, судья Найджел Тир Молдова кәсіпкерлерінің шағымын қайтарған соң, дау ағылшын сотында қаралады деуге болады.

Қазақстанның миллиардтаған доллар активін өткен жылдың аяғында New York Mellon (BNYM) банкі бұғаттады. Бұған Стати арызы себеп болды. BNYM әуелі 22 миллиард долларды бұғаттаса, кейін бұл қаражат 530 миллион долларға азайған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір