• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:08:59
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

"Отандық өнімді менсінбейсіңдер" деп ренішін білдірді Назарбаев

"Қазақстандықтар байып кеткен",- деп ренішін білдіргендей болды Елбасы.

Көптен күткен Елбасының Жолдауы бүгін жарияланады. Бірнеше минут бұрын тікелей эфирде сөз бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы сөзін ірі бастады яки отандық өнімді қолдау мәселесіне бірден акцент түсірді.

«Костюмдеріңді шешсеңдер, жалаңаш қаласыңдар» деген Назарбаев өзі шетелдің емес, тек Қазақстандық сәнгерлердің қолынан шыққан киімдерді киетінін ерекше атап өтті. ««Қазақстанда жасалған» деген жазуды көрсеңдер де шетелдікін аласыңдар. Шетелдікі қымбат. Сонда да қымбатқа жүгіресіңдер. Қазақстандықтар байып кеткен»,- деп ренішін білдіргендей болды Елбасы.

 Аянбай жұмыс жасаңдар деп шенеуніктерге ақыл-кеңесін айтты Нұрсұлтан Әбішұлы. "Сендердің қолдарыңнан іс келмесе, шетелдіктерді аламын, америкалықтардың, жапондықтардың көмегіне жүгінемін" деп кесіп айтты.

Адамның өмірінен артық не бар деп ой толғаған Елбасы онкологиялық ауруларды емдеу үшін қажетті қымбат техниканы, аппараттарды сатып алуды бұйырды. "Жүрекке ашық түрде ота жасаймыз, ендігі кезек қатерлі ісікте. Қатерлік ісік адамның өмірін жалмаудан екінші орында тұр" деп ашынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір