• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:29:31
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2018 Әлеумет

"Олар малмен жыныстық қатынасқа түскен". Горожанкин қызметінен кетті

«Мәселе генде. 19 ғасырда Қазақстанда саяхаттаған саяхатшылардың жазбасында жергілікті тұрғындар малмен жыныстық қатынасқа түсетіні...

Константин Горожанкин қызмет ететін «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Кочетов қызметкерінің әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ол Горожанкиннің жақсы қызмет атқарғанын, алайда қызу талқыға түскен пікірі үшін тәуелсіз директорлар кеңесінен шығарылғанын айтты. 

"1. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Горожанкиннің пікірі бойынша ІІМ-не ресми xат жолданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабымен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) Алматы қаласының ІІД 8 тамыз күні СДТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2. Горожанкин Директорлар Кеңесіне тәуелсіз мүшелікке Қазақстандағы ІТ қауымдастық пен интернет-индустрияның беделді өкілі ретінде сайланған болатын. 
3. Qazcontent АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін ақысыз атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, штатта болмады және жалақы алмады.
4. Осы уақыт аралығында оның жұмысына ескертулер болған жоқ. Алайда оның соңғы пікірі Qazcontent АҚ жұмысымен үйлеспейді, осыған байланысты ол Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды және бұдан былай Qazcontent АҚ Тәуелсіз директор емес.
", деп жазды Евгений Кочетов өзінің фейсбук парақшасына. 

Еске салсақ, «Қазконтент» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Константин Горожанкиннің Facebook әлеуметтік желісінде қазақ ұлты туралы жазған пікірі қызу талқыланған болатын. Ол 6 тамызда Түркістан облысы, Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жазылған жазбаның астында пікір қалдырған.

«Мәселе генде. 19 ғасырда Қазақстанда саяхаттаған саяхатшылардың жазбасында жергілікті тұрғындар малмен жыныстық қатынасқа түсетіні және гомосексуализм туралы жиі айтылды» деп жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір