• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:16:55
Алматы
+35°

10 Ақпан, 2019 Әдебиет

Бүгін қазақтың  ақиық ақыны  Мұқағали Мақатаевтың туған күні. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен қылып өзіне қайтарған» атақты ақынға арнау өлеңдер ешқашан толас таппақ  емес.  Өйткені тума талант Мұқағали мәңгілік ақын.  Сондықтан да оған құрмет ешқашан таусылмайды.

Біз   осыған орай  Qamshy.kz  ақпарат агенттігіне өз өлең -жырын  жолдаған оқырманға ризашылығымызды білдіре отырып, оны сайтқа   жариялауды  жөн деп таптық.

***

 Мұқағали әрауқты өр ақыным ,

Қазағым жүрегіне ет жақыным.

Өлеңмен қара қылды қақ жаратын,

Қайран ел қасиетті бар ақының.

 

Жарық жұлдыз поэзия көгіндегі,

Қайталанбас біртуар өмірдегі.

Қапыда туындаған әрбір сөзің,

Тебірентпей қоймаған көңілдерді.

 

Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы,

Қадіріңді қас жауың қызғанады.

Сыр шертіп, мұңыңды айтып жырларыңа,

Қосып ең Фаризадай қыз баланы.

 

Дана едің ,бар болмысың дара туған,

Жарқ етіп жайдың отын ала туған.

Мәңгі өлмес поэзия аспанында,

Самғадың жай ұшырып қанатыңнан.

 

Жырлары жетелеген арманына,

Қазағымның болған кейде қорғаны да .

Қазақы қара өлеңге тіл бітірген,

Бас ием айбынды ақын аруағына!

 Сабина Қалиқызы  Құрманғалиева

Алматы облысы,

Кербұлақ ауданы ,

Қарашоқы ауылы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір