• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:24:41
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018

"«I`m a singer Kazakhstan» жобасында жеңіп шығатыныма 100% сенімдімін"

Жүлде қоры бұрын-соңды Қазақстанда бірде-бір байқауда болмаған сома, яғни 50 000 000 теңгені құрайды.

Бүкілхалықтық «I`m a singer Kazakhstan» талант-шоуының 100 қатысушысы ауқымды жобаның екінші маусымының түсірілімін бастап кетті. Шоуды жасауға Қазақстанның, Украинаның, Ресейдің ең мықты мамандар тобы жұмылуда.

I am singer

Алғашқы іріктеу кезеңі саналатын үш күннен кейін жеңіс үшін күресу бақыты 100 қатысушының үштен біріне ғана бұйырады. Байқауға қатысуға әлемнің 9 елінен бірнеше мыңдаған үміткер талап білдірді. Олардың ішінде Қазақстанға аты мәшһүр «Melo’Men» тобының әншісі Ғабит те бар.

  • Талант-шоу туралы осыдан екі аптадай уақыт бұрын әріптестерімнен естіп білдім, - дейді Ғабит. – Олар маған қатыс деп қолқа салды. Негізінде, топ болып қатысқымыз келген. Сөйтсек, олай істеуге болмайды екен. Содан соң жігіттер менің қатысқанымды қалайтындарын айтты. Бұл шоуда жеңіп шығатыныма 100 пайыз сенімдімін. Бұл менің жобам. Басқа қатысушыларға сәттілік, ал өзіме жеңіс тілеймін!

I am singer

Естеріңізге салсақ, бұған дейін шоу ұйымдастырушылар Мақпал Исабековамен келіссөз жүргізіп, сарапшы-қазылар алқасының құрамына бекіткен болатын. Қазылар алқасының құрамында одан бөлек те елімізге танымал әншілер бар. Олардың бірі халық әртісі Мақпал Жүнісова болса, енді бірі «МузАРТ» тобыны әншісі Сәкен Майғазиев. Сондай-ақ, қазақстандық әншілердің біразы құрметті қонақ ретінде, сахнаға шығып, өнер көрсетеді. Айта кетсек, шоу барысында үздік әншіні таңдауға тек қана қазылар алқасы емес, сонымен бірге студиядағы және экран сыртындағы көрермендер бір кісідей атсалыса аалды. Телекөрермендер өздеріне ұнаған әншіге СМС-хабарлама арқылы дауыс беру құқына ие болады. 

I am singer

Бүкілхалықтық шоудың екінші маусымы биыл 9 қыркүйек күні эфирге жол тартады. Жүлде қоры бұрын-соңды Қазақстанда бірде-бір байқауда болмаған сома, яғни 50 000 000 теңгені құрайды.

2017 жылы күз-қыс телемаусымының ең ауқымды музыкалық оқиғасы атанған «I’m a Singer Kazakhstan» жобасының бірінші маусымына әлемнің 6 елінен ең мықты 8 кәсіби ән орындаушы қатысып, көрерменнің ерекше ықыласын оятқан болатын. Жоба әлемнің алты елінде трансляцияланып, 200 миллионға жуық көрерменді қамтыды. «I’m a Singer Kazakhstan» шоуының бірінші кезеңінде қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков жеңіске жетті. Жоба туралы толығырақ singer.31.kz. сайтынан біле аласыздар. 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір