• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:02:37
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018 NEWS

Ердоған "Диктатор" ма, жоқ "Демократ" па?

Трамп АҚШ президенті болғалы әлем саясатында алуан түрлі құбылыстар болып тұратыны дағдыға айналып келеді

«Соңғы 15 жыл бойы Түркиядағы саясат сахнасының төрінен түспеген, әуелі премьер-министр болып, 2014 жылдан бері президентке айналған Ердоған лира бағамының құбылуын "әлеуметтік желілердегі экономикалық терроршылардан" көрді және мұның артында өзінің НАТО бойынша одақтасы АҚШ тұр деп мәлімдеді («ӘЛЕМ Кінәні шеттен іздеуге шебер басшылар» атты мақаладан үзінді, azattyq.org порталынан алынды).

Трамп АҚШ президенті болғалы әлем саясатында алуан түрлі құбылыстар болып тұратыны дағдыға айналып келеді.

Бізге бауырлас Түркия республикасын 15 жыл бойы басқарып келе жатқан  Ердоған да Орталық Азиядағы жас тәуелсіз мемлекеттер «мәңгілері» сияқты ол да жеке-дара билеудің «хас шеберіне» айналып үлгерді десе де болады. Әлем баспасөзіндегі ақпараттарға қарағанда 2016 жылғы Түркиядағы «әскери төңкеріс»- міс деген де негізінен Ердоған билігін «мәңгілік билікке апаратын төте жол» дегендер қатары мол сияқты ма, қалай?..

Ататүрік негізін қалаған бұл тәуелсізТүркия жұмхұриеті -  бұрынғы сәні мен салтанатын біртіндеп жоғалтып жатқандай әсер етеді екен. Қай елде билікке диктатор келсе, сол елдің  қарапайым халқы қатты қысым көретіні тағы да айқын.

АҚШ-тың Түркия министрлеріне санкция салғаны сол екен Ердоған тура кешегі қызыл коммунистерше қоқан-лоқы көрсетіп, АҚШ-тың электронды аппараттарынан, доллардан бас тартып, қызық-қызық мінездер көрсетуде. Кешеден бері Түркияны экономикалық тығырықтан алып шығу үшін Катар сияқты бай мемлекеттерден сан миллиард долларлар тұратын қарызды өкіртіп тұрып алып жатыр тағы да. Өзі доллардан бас тартады, тағы да басқа елдерден сол доллармен қарыз алады. Түсініксіз...

Сонымен бірге Түркия тарихында Ресеймен керемет «достық» қатынасқа көшкен Ердоғанның не ойлағаны бары да, былайғы жұртқа жұмбақ...

Бұл АҚШ-тан ашық түрде бас тартқан бұл мырзаның қазіргі ең сенімді досы - орекеңдер болып шыға келгені де көпшілікке түсініксіз көрінуде.

Біздегі және шетелдердегі көптеген әріптестері сынды бұл адамның да шетелдердегі офшорларда  тыққан долларлары бар дейді. Бұл шын ба, өтірік пе, оны тап басып айта алмаймыз... Сонда офшоршылардың барлығы да салықтан жасырып, шетел асырған ұрлық байлықтарын тек доллармен тығатын көрінеді. Сөйте тұрып, өздері доллардан бас тартқансиды. Бұған кім сенеді?..

Жалпы қарамағындағы қарапайым халықты бұған сендіруге болатын шығар, ал, көзі ашық, білікті жандарды алдай алмайтындарын неге білмей қалады екен?

Әлемдегі «диктатор» атаулылылардың барлығы да ең алдымен өзі билеген мемлекетті тонаушылар екенін жұрттың біліп қалғалы қашан...  

Жыл сайын әлемдегі «ұры диктатор» атаулылардың қатары өсіп келе ме, жоқ, өшу алдында ма?

Бұл сұраққа да өз басым жауап бере алмаймын.

Менің бір білетінім - өз мемлекетін аяусыз тонаған кез келген диктатор – түптің түбі заң алдында жауап беретіні. Ана есепсіз ұрлап, офшорларға тыққандары қалқып су бетіне шығып, ұры да, оның барлық жақын туыстары да масқара болатыны айдай ақиқат!..

Біз әңгімеге арқау етіп отырған бауырлас елдің көсемі  Ердоған мырза -«диктатор» ма, жоқ, «демократ па?..» - бұған жауапты түбінде Тарих қана беретін болады!..

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір