• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:08:32
Алматы
+35°

22 Қыркүйек, 2018 NEWS

Елбасы: Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, көңіл айтамын

Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады", - делінген жеделхатта.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір