• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:55:36
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2019 Саясат

"Елбасы мәлімдемесінің астарында мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу тұрған жоқ"

АҚШ-та бұл функцияны Жоғарғы сот орындайды, Францияда – Конституциялық кеңес, Германияда – Федералды конституциялық сот...

Елбасының Конституциялық Кеңеске  Конституцияның 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішіне байланысты Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова әлеуметтік желі арқылы  халыққа түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әсел Назарбетова

"4 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Конституциялық кеңеске ҚР Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші жарияланды. Осы дерекке байланысты қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен кертартпа әңгімелер орын ала бастауының алдын алу үшін Елбасы халыққа түсіндіру мәлімдемесін жасады. Онда мұндай өтініштер, яғни туындаған мәселелер бойынша Конституциялық кеңеске оның құрылған мерзімі 1995 жылдан бері 220 рет өтініш жасалғаны, оның ішінде 20-ға жуығы Президенттің жеке өтінішімен болғаны атап өтілді.

Конституциялық кеңес еліміздің Ата заңының нормаларына ресми түсінік беретін орган болғандықтан, қажеттілік орын алған жағдайда Қазақстан Конституциясына сәйкес Президент, Сенат және Мәжіліс төрағалары, Премьер-министр, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бірінен кем емесі өтініш білдіре алады.

Айта кетерлігі, президенттік республикалар мысалында осы тәріздес Конституциялық кеңеске өтініш білдіру қалыпты жағдай. Батыс мемлекеттерінде конституциялық бақылау органдары құрылған. АҚШ-та бұл функцияны Жоғарғы сот орындайды, Францияда – Конституциялық кеңес, Германияда – Федералдық конституциялық сот, Испанияда – Конституциялық трибуна және т.б. Ал Конституциялық бақылау институты маңызды демократиялық институт болып табылады. Оның дұрыс қызмет жасауы АтаЗаңның сақталуын және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, қоғамдағы түрлі топтардың қарым-қатынасын реттейді. Аталған мемлекеттерде Конституция немесе заң нормаларына байланысты мәселе туындаған жағдайда конституциялық бақылау органдарына өтініш білдіру арқылы кез-келген мәселе бойынша түсінік алу – саяси жүйенің күнделікті қалыпты жағдайы ретінде қабылданады.

Басты назарда ұстайтын мәселе – Елбасы өтінішінің астарында транзит мәселесі, яғни билікті беру, болмаса мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу тұрмағандығы. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында ағымдағы мәселелерге жан-жақты талдау жасау арқылы қорытынды шығару білімділікті, саяси сауаттылықты талап етеді. Сол себепті болып жатқан саяси үдерістерге байыппен қараған абзал болар еді", - деп жазады Әсел Назарбетова.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір