• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:44:38
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 NEWS

Елбасы: Біздің компаниялар екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады

Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде ілгерілеп келе жатқанына тоқталып, оны кеңейтудің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.

– Қазақстан Армениямен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болды. Елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 60 пайызға жуық өсті. Бұл үрдіс қазір де жалғасын тауып отыр. Мұнымен шектелмейтінімізді атап өткім келеді. Үкіметтеріміз екі жақты байланыстарды нығайту үшін күш жұмылдыруы керек. Біздің компанияларымыз екі елдің де экономикасына инвестиция құя алады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еңбек миграциясы мәселелеріне және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту қажеттігіне тоқталып, ол үшін тиімді жағдай жасалғанын атап өтті.

Н.Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайту ісіндегі маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдірді.

– Өзара ықпалдастығымыз оң қарқын алып отырғанымен ерекшеленеді. Оның одан әрі осылай ілгерілей беретініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстанмен арадағы байланыс өте маңызды. Экономика секторындағы қатынастарды, соның ішінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыта түсеміз деп үміттенеміз, – деді Армения Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, Н.Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір