• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:19:41
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2018 NEWS

Елбасы 2068 жылғы жастарға аманат хат қалдырды

Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдырды

Қазақстан президенті Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан  сайтының дерегін негізге алып. 

Бүгін Астанада "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған "Ұлы дала мұрагерлері" оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Қазақстан президенті зияткерлік мектептердің ұстаздары мен оқушыларын мерейтоймен құттықтап келді. Форум барысында оқушылар алғашқы зияткерлік мектепке уақыт капсуласын табыс еткісі келетінін айтып, мемлекет басшысынан Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2068 жылғы түлектеріне аманат хат жазып қалдыруды өтінді. 

"Қазақта "елу жылда ел жаңа" деген сөз бар. Ол кезде сендер әлі жас боласыңдар, жаңа технологиялар өмірге келеді, адамдар 100, 120 жыл жасайтын болады. Сондықтан, Құдай бұйыртса, сендер ол кезді көресіңдер. Сонда мен жазған мына хатты ашып, оқисыңдар", — деді Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір