12 Ақпан, 2019
Димаштың басты қарсыласы таланттар шоуында сенсация жасады (видео)
Қазылар алқасы оның өнерін жоғары бағалады.
Энх-Эрдэнэ есімді моңғол жігіті The World’s best шоуында сенсация жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол таланттар шоуында танымал "Amarillo by Morning" композициясын орындады. Ресми деректерге сүйенсек, моңғол жігіті ағылшын тілін мүлдем білмейді екен. Десе де әнді өз нақышында, сәтті орындап шықты.
Қазылар алқасы мен көрермендер оның өнерін жоғары бағалады. Шетелдіктер Энх-Эрдэнэні "моңғол ковбойы" деп атап, #mongoliancowboy хэштегі арқылы жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Тіпті кейбір желі қолданушылары Димаштың басты қарсыласы Энх-Эрдэнэ екенін айтып, пікір білдіруде.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір