• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:42:47
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2019

Димаш атақты моңғол әншісі Тәңірмен “Swan Goose” әнін орындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолдың халық әнінің алғашқы шумағын ол қазақ тілінде айтты. Димаш қаңтар айында "Jiangsu" спутниктік телеарнасындағы көктемгі фестивальде өнер көрсеткені белгілі. Аталмыш фестивальде Димаш ағылшын тіліндегі «Screaming» әнін айтып, көпшілікті аузына қаратты. 

Фестивальдегі Димаш пен Тәңірдің дуэті Youtube желісінде жарияланды. Шетелдіктер Димаш пен моңғол әншісін бұл дуэтін жылы қабылдап, жоғары бағалауда. Олардың ерекше дауысы бір-бірімен үйлесім тауып, өте сәтті шыққан. 

Димаштың өзі бұл кештен ерекше ләззат алғанын айтты.

"Сахнаның безендірілуі мен халықтың ықыласы туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бұл кеш 100 емес, 200 пайыз жақсы өтті деп айта аламын. Ойымнан шықты. Сахнаның төрін ұсынып, ыстық ықыласын білдіріп жатқан көрермендерге алғыс айтамын", дейді Димаш. 

Сондай-ақ Димаш танымал әнші Тәңірмен бірге бір сахнада өнер көрсетуді үлкен жетістік деп бағалайтынын жеткізді. 

Ал Тәңір болса, Димаштың өнерін жоғары бағалайтынын және  құрметтейтінін айтып өтті. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір