• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:13:55
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 NEWS

Депутат "Өз ойым" бағдарламасына қатысты пікір білдірді

"Атын шығару үшін жер өртеуге" дейін баратын теріс пиғылы жұртшылықтың орынды ашу-ызасын туғызды

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып. Бір топ депутат телеарналардың жұмысындағы өзекті мәселелерді көтерген.

"Кейбір телеарналарда ұлттық құндылықтарымызды насихаттамақ түгіл, оларды өрескел бұрмалайтын, тіпті неше түрлі азғындықты ашық дәріптейтін телеөнімдерді көрсету тыйылмай тұр. Мәселен, жуырда "Өз ойым" бағдарламасында абыройын ақшаға сататынын жариялаған қазақ қызының шектен шыққан ұятсыз қылығы мен оны осындай рөлді ойнауға үгіттеп көндірген телеарна қызметкерлерінің "атын шығару үшін жер өртеуге" дейін баратын теріс пиғылы жұртшылықтың орынды ашу-ызасын туғызды", - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның тұңғыш президенті ұсынған "Туған жер" және "Ауыл ел бесігі" бағдарламалары мемлекеттік телеарналарда жеткілікті деңгейде насихатталмай жүр.

"Осы орайда республикалық бюджеттен мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүргізуге бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейтіліп отырғанын ескерсек, мәселен, былтыр 46 миллиард 587 миллион теңгеден астам, ал биыл 49 миллиард 482 миллион теңге бөлінген. Осынша қаржының тиімділігі қандай деген сұрақ туындайды", - деді Кәрібай мырза.

Депутат республикалық және өңірлік БАҚ басшыларының және қызметкерлерінің қатысуымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін кеңінен талқылауды ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, БАҚ-та ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, қазақстандық қоғамда қалыптасқан адамгершілік принциптерін қатаң қадағалау керектігін атап өтті.

"Қажеттігіне қарай, қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылсын", - деді мәжіліс депутаты.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір