• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:50:43
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 NEWS

Биыл Астанада көмір тапшылығы бола ма?

1 тамыздан 2 қазанға дейін астанаға 93,7 мың тонна қатты отын келіп түсті.

3 қазан таңертеңгі жағдай бойынша көмір сататын жерлердегі жалпы қатты отынның қоры 9677,1 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

1 және 2 қазанда Астанаға 62 вагон көмір келіп түсті немесе 4302 тонна. Оның 43 вагоны Шұбаркөл маркасы немесе 2907 тонна; Майкөбе – 310 вагон немесе 700 тонна; Қарадыра 14 вагон немесе 278 тонна, Богатырь көмірі 5 вагон немесе 348 тонна.

1 тамыздан 2 қазанға дейін астанаға 93,7 мың тонна қатты отын келіп түсті. Алдын хабарлағандай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір өндірушілермен бағаны өсірмеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.

Нарықтағы көмір ахуалы күн сайын Астана қаласы әкімдігімен бірге мониторинг жүргізіліп, үнемі бақылауында тұр. «іКомек 109» базасында тұрғындарға арналған қатты отынның бағасы мен сату орындары туралы жедел желі құрылды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір