• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:05:35
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 NEWS

Алматылық кәсіпкер Бақыт Ниязов Талғат Мұсабаевтан қысым көріп, ал оның туған жиені рейдерлікпен айналысып жатқанын айтады. Гүлнар Мұсабаева мен оның күйеуі Виктор Морозов қазақстандық банктерге миллиард доллардан астам қаржы қарыз. Енді қазақстандық инвестор Бақыт Ниязовтың бизнесін тартып алмақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі информбюроға сілтеме жасап.

Жақын уақытта Алматының тау бөктерінде салынған инновациялық тұрғын үйге адамдар көшіп келу керек. Жоба арнайы жас жұбайлар үшін салынған. Бірақ Бақыт Ниязов өз кәсібін жоғалтып аламын деп қорқып жүр. Оның айтуынша, серіктесі ықпалды туысы – Талғат Мұсабаевтың атын жамылып бизнесті қолды қылмақ ойы бар.

– «Су құбырын кесіп тастаймыз, газ құбырын жарамыз. Өртейміз. Құқық қорғау органдарында мәселе тудырамыз» деген сөздерді күнде естиміз. Хат түрінде де, ауызша да күнде қорқытады. Мұсабаевтар отбасының қорқытқан қағаздары бір бума болып сақталып тұр, - дейді алматылық кәсіпкер.

Бұл оқиға 2013 жылы басталды. Ол кезде Бақыт Ниязов 300 миллион теңгені таун-хаус құрылысына құйған. Жердің иесі ғарышкердің жиені Гүлнар Мұсабаева және оның күйеуі Виктор Морозов. Құрылыс жұмыстары жүргізілмеді, Ниязовқа ақша қайтарылмады. Төрт жыл өткеннен кейін Талғат Мұсабаевтың туыстары Араб Әмірліктерінен табылды. 2016 жылы алматылық кәсіпкер ерлі зайыптыға өз үлесін сатып алып бонус ретінде бірнеше пәтер беретінін айтқан. Келісім шартқа қол қойылды, бірақ жоба сатып алушылар арасында қызығушылық тудырғаннан кейін Мұсабаев пен Морозов шарттарды қайта қарап, бизнесменнен екі миллион доллар беруін талап еткен.

Бақыт Ниязовтың айтуынша, Мұсабаевтың жиені пәтердің болашақ иелерін қорқытып, аймаққа кіру жолын жауып, сотқа арыз түсіріп, жан-жақтан қысым көрсетіп отыр. 

Кәсіпкер Талғат Мұсабаевқа да хат жазған екен. Амалы таусылған Бақыт Ниязов полицияға шағымдануға мәжбүр болған. 

«Mountain Drive» компаниясының директоры Дауд Мистоевтың айтуынша, шағым түсірілді, оған қосымша ретінде барлық құжат қоса берілді. Бірақ бізге «қылмыс құрамы жоқ» деген жауап келді. Белгілі фамилияға байланыста ма, білмеймін.

Журналистер ҚР Парламент Сенаты депутатынан жауап алуға тырысты. Талғат Мұсабаев туыстарының қарызы туралы білмейтінін және "Алматы сотына ешқандай қысым көрсетіп жатқан жоқпын" қысқа қайырды.

Қазақстандық БАҚ 2006 жылдан бері кредит бойынша қазақстандық банктерге 1,5 миллиард доллар қарыз Мұсабаевтың туыстарының «Algabas Development» ЖШС -сы бар екенін анықтаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір