• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:32:30
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 Саясат

Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады

Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады.

Чехиялық журналист Батыс елдерінің Ресейді не себепті жек көретіндерін талдап жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналист Parlamentní Listy баслымында жазған.

Журналист Йиржи Кобзаның ойынша, Батыс елдерінің Ресей саясатын құп көрмеуінің басты себептерінің бірі - Еуропа елдері мен АҚШ жойып жіберуге күш салып жүрген дәстүрлі құндылықтардың Ресейде сақталып қалуы. Ресей халқы әлі күнге соғыс құрбандарын еске алуды, Жеңіс күнін тойлауды ұмыт қалдырған емес. Халық ұлттық дәстүрге берік әрі жас ұрпақты барынша ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды. Сонымен қатар, ресейліктер гей-парадтар мен есірткіні заңдастыру туралы шерулерге шыққан емес.

Журналист еуропалық телеарналар мен БАҚ-тан "Ресейден төнетін қауіп" туралы, Ресейдің қоғамдық санаға кері әсер ететіні туралы көптеген мақалалар мен үндеулерді көп кездестіретінін атап өтіп, Батыс елдерінің Ресейге қарағанда әлдеқайда орынсыз саясат жүргізетінін, тек бұған ешкімнің баса назар аудармайтынын да тілге тиек етті.

Батыс елдері шын мәнінде Мәскеудің әрдайым тарихи сана мен отансүйгіштікті қолдайтын саясат жүргізуінен қорқытады. Бұл идеология Еуроодақ пен АҚШ үшін қолайсыз.

"Отан, барлығы бейбітшілік әрі келісім негізінде тау-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар федерациясы, Ресейдің қарапайым халқы үшін үлкен мәнге ие", - деп жазды журналист.

Ресейде шет елдер арқылы қаржыландырылатын, саяси бағдарламаларымен "қоғам арасына іріткі" салатын бағдарламалардың болмауы да елдің бір жақты саясат жүргізуіне де ықпал етеді.

"Мәскеу Батыс елдеріне көптеген саясаткерлер қайталаудан жалықпайтын әскери қуатымен емес, сауатты жүргізілетін ұлттық идеологиясымен, тарихи санаға қатаң бекінген саясатымен қорқыныш туғызады. Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады. Бұл үдеріске қарсы шығып, басқаша пікір білдірген адамның  автоматты түрде "Кремль тыңшысына" айналып кететіндерінің басты себебі де осыда жатыр", - деп атап көрсетеді Кобза.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір