• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:29:28
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 NEWS

Журналиске ашуланған вице-министр: Жынымды келтірмеңізші, блин! (видео)

Кеше бір әкім халық алдында сөйлеп тұрып, «осырып» еді. Бүгін тағы бір шенеунік ауыздан қағылды.

«Шаншар» әзіл-ысқақ театрындағы бір әзіл есіме оралды. Журналист бір бағдарламаға қоғамдық белсендіні шақырады, ол хабарласқан көрермендердің сұрағына жауап беруі тиіс еді. Сонда әлгі қоғамдық белсенді «Қаламызды су шайып кетті, Не істейміз?» деген көрерменнің сұрағына: «Мен не істей аламын? Аяғыма боти киіп алып барайын енді, сендер жаққа?! Қызықсыңдар и?» деп ашуланып шыға келеді. Ал тағы бір көрермен хабарласып «Денсаулық үшін 100 грамм ішсе бола ма, болмай ма?» деген сұрағына белсенді ерекше риза болып, «сұрақтың көкесі сондай болу керек» дегенге келтіреді. Бұл әзілі арқылы театр «ел үшін қызмет етіп жүргендердің сиқы осындай» дегенді көрсетпек болғаны анық қой. Иә, театрдың әзілі шынайы өмірге ене бастады. Мұны біздің шенеуніктеріміз дәлелдеп беріп жатыр.  

Қостанай облысы әкімінің орынбасары "осырды" (видео)

Кеше бір әкім халық алдында сөйлеп тұрып, «осырып» еді. Бүгін тағы бір шенеунік тілден сүрінді. Ол не дейді дейсіздер ме? Өзінен сұхбат алып тұрған журналистке «Жынымды келтірмеңізші, блин» деп бөсе салды. Ал бүйтіп айтқан кім десеңіздер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі – Серік Жұманғарин. Министрлік өкіліне журналистің тариф бойынша қойған сауалы ұнамай қалған болуы керек, қабағын шытып алды да «Жынымды келтірмеңізші, блин» деді.

Видеоны Нұржан Сөпбеков өзінің YouTube  арнасына жүктеді. Видеоға назар аударсақ, Серік Жұманғаринге журналистердің ешбір сұрағы ұнамаған секілді. Тіпті «Менің алдыма ресми түрде келіңдер, сендерге бәрін айтып беремін!» деген шенеуніктің қабағы бір ашылмай қойды. Алайда журналистер оны еркіне жібере ме, сұрақты жаудырта берді, жаудырта берді. Түбі осылай болды.

Серік Жұманғазин 2017 жылдан бері Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарады. 

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды. 

Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Түрлі министрліктерде басшылық қызметтен түспей келген шенеуніктің әлі күнге дейін мәдениеттілікті үйрене алмай келе жатқаны өкінішті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір