• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:41:19
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!

Жетер халқым, жағымпаздар жойылсын! Жетер халқым, есіңді жи, атқа қон!..

Басқа ұлттарды қайдам, ал, қазақ билігіндегілерді (билікті "үлкен", "кіші" деп бөлуге болмайды. Сондай-ақ, біздің қазақ "бастықты" да "үлкен" немесе "кіші" деп бөлмеген) бұзатындар – негізінен қазақтың жалпақ тілімен айтқанда "тіл мен жағына сүйенген" өнер мен әдебиетке жақын жүретін немесе сол саланың нағыз "майталмандары" ана бетсіз жағымпаздар дер едім.

Жағымпаздар - табиғатынан жеке басының мүддесі үшін, ашығын айтқанда пайдасы үшін неден де тайынбаған.

Ана қанішер Сталин кезінде жазықсыз атылған 25 мыңнан астам қазақ зиялыларын атқызғандар - осы жағымпаздар табынан еді. Қазақта бұл нағыз су жұқпас жағымпаздар - әлі күнге дейін жыртылып-айрылады. Оны бәріміз жақсы білеміз. Біле тұрып, білмегенсиміз. Әсіресе, билік тізгіні қолында тұрғандар аяқ астынан сол жағымпаздарға құдайдай сенетін болып шыға келетініне таң қалам.

Біле білген адамға "ЖАҒЫМПАЗДЫҚ" - соншалықты жиіркенішті дер едім.

Егер, шын мәнінде кемел ұлт боламыз десек, осы жағымпаздармен ашық күресті бастауымыз керек! Әйтпесе, бәрі де кеш болады.

Құрметті үлкенді-кішілі билік тізгіні қолдарында тұрған қазақтар!

Айналаларыңызға бір сәтке дұрыстап көз салыңыздаршы? Сізді қанша жағымпаз қоршап жүр? Соны санап көрдіңіз бе? Әлде қазірдің өзінде көзіңізді мақтаншақтық шелі басып кеткен бе?

Тез арада осы сілімтік жағымпаздардан құтылмай, Қазақ ұлт болып жарытпайды, жер бетіндегі жалғызым - менің Қазағым!

ЖАҒЫМПАЗДАР, ЖОЙЫЛСЫН!

Тұрған кезде ағып түспей көз аман,
Қалам десең жаман дерттен тез аман,
Жағымпаздар!
Жағымпаздар!
Ұлтыма -
Ұлттық дерт боп жабысқалы не заман?!.

Емес олар ақыл, есі кем кісі,
Жағымпаздар – жалпақ-шешей «көнбісі»!
Есті едің ғой, қайран Қазақ, есің жи,
Жағымаздық – құлдық дерттің белгісі!

Анау сені неге сонша мақтады ол,
Ар жағына ауыр зілін сақтады ол...
Жетер халқым, жағымпаздар жойылсын!
Жетер халқым, есіңді жи, атқа қон!..

Автор: Жұмаш Көкбөрі

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір