• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:23:19
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Жемқорлық проблемасын жазған журналисті өлтіріп кетті

Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат журналистің өлімін «варварлық  шабуыл» деп атады.

Мальтада елдегі сыбайлас жемқорлық проблемасын жазған журналисті өлтіріп кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.  Белгісіз біреулер Мальтадағы сыбайлас жемқорлық мәселесін жазып жүрген журналист Дафне Каруана Галицияны көлігімен бірге жарып жіберді.

Каруана Галицияның көлігі  үйінен шығып, сәл жүргеннен кейін жарылған. Жарылыс себептері әзірге белгісіз. Қайғылы оқиға болардан бірнеше күн бұрын журналист полиция қызметкерлері өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жүргенін мәлім еткен еді.

Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат журналистің өлімін «варварлық  шабуыл» деп атады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір