• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:31:16
+35°

04 Ақпан, 2019 IT

Жапон зерттеушілері адамды алмастыратын робот жасап шығарды

Ғалымдар құрылыс индустриясындағы адамдарды алмастыратын гуманоидтық робот ойлап тапты.

Жапонияда туудың төмендеуі мен жұмыс күшінің азаюына байланысты еңбек қажеттілігін қанағаттандыру үшін роботтарды қолдануға мәжбүр. Ғалымдар құрылыс индустриясындағы адамдарды алмастыратын гуманоидтық робот ойлап тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі geek.com порталының дерегін негізге ала отырып. 

Айта кетер болсақ, Advanced Industrial Science and Technology (AIST)  ұлттық институты HRP-5P құрылысшы робот құрастырды.  Ол өзінің алты футтық биіктігімен ескі ғылыми-фантастикалық фильмдерден үнемі бүлік шығарып, иелерін өлтіруге тырысатын қыңыр монстрлардың біреуіне ұқсайды.

Атауынан көрініп тұрғандай, бұл - андроидтердің ұзын желісінің бесінші моделі. 1998 жылы алғаш рет шыққан HRP-1 Жапонияның болашақ робототехникалық экономикасының бастамасы болды.

  HRP-5P ең жаңа және ең озық құрылғы болса да, бұрынғы модельдері әлі күнге қолданылуда. Жапония 2015 жылы HRP-2 роботын халықаралық DARPA Robotics байқауында таныстырған.

  Жапонның жаңа роботы құрылысшылар үшін үлкен өзгеріс әкелуде. Дерекке жүгінсек, болашақта тұрғын үйдің құрылысын роботтар салатын болады. 20 жыл ішінде AIST барлық жұмыс түрін адамның көмегінсіз істей алатын осындай роботтар жасауды жоспарлауда.

  Ескі модельдегі гуманоидты роботтар нәзік тапсырмаларды орындай алса да, қиын жұмысқа келгенде адамның физикалық мүмкіндіктерін орындай алмайды. 

Ал AIST  HRP-5P-ні құру арқылы бұл мәселені шешті, олар адаммен бірдей тіпті артық физикалық мүмкіндіктері бар мамандандырылған құрылысшы робот  жасады .

Бір қарағанда, жаңа робот таңғаларлықтай емес. Ол адамға қарағанда баяу қозғалады. Алайда, оның электронды миы адаммен бірдей күш жұмсап, тіпті одан да жақсы жұмыс істей алады. Сондай-ақ, адамдар шаршайтын болса, бұл робот  күні-түні тоқтамай жұмыс істей береді.

AIST институты осылай Жапониядағы жұмыс күшінің жетіспеушілігінен туындайтын экономикалық қиындықтардың алдын алмақ. Мұндай жағдайда ең алдымен құрылыстың  зардап шегетіні анық.

Сонымен қатар, зерттеушілер осы арқылы қауіпті жерлерде жұмыс істейтін адамдардың жазатайым оқиғаларға ұшырап, көз жұмуын азайтуды қалайды. Құрылысшылар ауыр техниканы қолданып, көлемді материалдарды көтергендіктен дене  жарақатын көп алады. Зерттеу институты осы қиындықтарға ең дұрыс шешім соңғы технологияларды қолдана отырып, гуманоидтық роботтарды жасау болып табылатынын айтады. Бұл машиналар адамдарды құрылыс алаңдарында және басқа қауіпті орталарда ауыстыра алады.

Гуманоидты роботтар органикалық түрде жұмыс істейді. Осылайша олар ешкімге кедергі келтірместен жұмыс ортасына сіңісіп кетуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір