• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:14:34
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2019 Дін

"Иса пайғамбар (а.с.) қазақ болған"

Иса пайғамбар (а.с.) ешқашан еврей болмаған.

Заратушра қазіргі Орал өңірінде дүниеге келген. Ал Иса пайғамбар (а.с.) қазақ ұрпақтарының өкілі болған. Бұл туралы қазақстандық математик Қайрат Закирьянов мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі EADaily сайтының дерегін негізге алып.  Оның айтуынша оның бұл тұжырымдамасын ешқандай тарихшы жоққа шығармаған.

«Біздің елдегі ең көне діни сенім тәңіршілдік деп аталса, Персия елінде байырғы мифологияны ескере отырып зароастризм деп атады. Ұлыбританиядағы ғылыми атақ-даңқы бар Мэри Бойс өзінің еңбектерінде «Зороастризмнің шығу тегін Волганың шығысындағы қазақ жерінен іздеу керек», деп жазған", дейді математик. 

Қайрат Закирьянов

Ол Зарастустра (қазақша Жаратушы) тәңіршілдіктің негізі қазіргі Орал өңірінде екеніне сенімді.

"Сондай-ақ христиан дінін де алып қарастыруға болады. Мен Иисус Христостың ешқашан еврей болмаған. Мен мұны үнемі айтып жүремін. Сондай-ақ христиан дінін еврейлер де, славян қауымы да ойлап тапқан жоқ. Ресейдің Красдарск аумағынан VII ғасырдағы зеленчук жазбасы табылған. Аталмыш жазбада түрік-руна жазуымен Исус Христос туралы жазған. Сондай ақ жазба арқылы Иса Пайғамбардың албан, ботпай, дулат немесе суан руларының бірінен тараған ұрпақ екенін байқауға болады. Ресейлік публицист Мұрат Аджи Иса(а.с.) жастық шағын біздің заманымызға дейінгі алғашқы 1000 жылдықта Алтай аймағында өткізгенін жазған. Сол жылдары қазақтың қазіргі дулат, ботпай, суан және албан рулары сол жақтан қоныс аударған шығар", — дейді Қайрат Закирьянов.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақтың басқа ғалымы, философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов Адам ата (а.с.) мен Хауа ана да қазақ болған деген мәлімдеме жасаған болатын. Ғалым Қазақстан алманың отаны екенін тілге тиек ете келе , «алма» сөзі мағынасын «алма, ұстама», деген мағынаны білдірсе, «Адам» деген сөз «адамзат» деген мағына сәйкес келеді деп тұжырымдады.

Аударған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір