• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:57:49
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 NEWS

Халық көкірегінде жүрген ойды Даниал Ахметов дөп басып айтты

Зырян ауданының Алтай аталуы осы рухани жаңғырудың нақты көрінісі.

Шығыс Қазақстан облысында Зырян ауданы мен қаласының атауын Алтай деп өзгерту туралы қоғам қайраткерлері мен ел ағалары өз ойларын білдіріп жатыр. Сіздерге академик, жазушы Ғарифолла Есімнің пікірін ұсынып отырмыз.

Халық көкірегінің төрінде жүрген ойды Даниал Ахметов дөп басты. Бұл ұлттық мүддені көздеген жаңашыл әкімнің инновациялық шешімі болды. Алтай атауының жаңғыруы осы өлкеге нұрсәуле болатын оқиға. «Алтай» есімі өткен мен болашақты байланыстыратын алтын көпір.      

Осы тұста Зырян халқының біртұтастық танытып, бірауыздан болашаққа ұмтылып, Алтай атауын қолдағандығы көңіл қуантады. Жақсылықты тосудың қажеті жоқ, жақсылықты жақындату керек. Осы тұста облыс әкімі бұл істі кейінге шегермей жеделдетуі жөн болды деп білем.        

Зырян ауданы мен қаласының атын Алтай деп өзгертуді Республика жұртшылығы қызу қолдауда. Басылым бетінен мұндай ақпаратпен таныс болған ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бір-бірімен сөйлесіп, бір-бірімен қуанышты хабарды бөлісуде. Оның себебі бар, Төр Алтай, Өр Алтай деген ұғымдар тек қана Шығыс Қазақстан облысына тән атаулар. Кеңестік заманда Алтайға қатысты атаулар жойылған. Рухани жаңғыру дегенміміз төл атауларды қалпына келтіру. Зырян ауданының Алтай аталуы осы рухани жаңғырудың нақты көрінісі. 

Ғарифолла Есім,

Академик, жазушы   

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір