• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:42:18
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Экономика

Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын

2017-2018 жылдары Халық банктің басты атқарған міндеті – Qazkom мен Hakyk банктерін біріктіру болды.

ҚР Халық банкі шетелдік қаржылық институттармен бәсекелесуге ниетті. Бұл туралы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның басқарма басшысы Үміт Шаяхметова айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«2019 жылы  Халық банктің алдында үлкен міндет, үлкен мақсат тұр – нарықта, жергілікті ойыншылармен әрі шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге қауқарлы болуымыз тиіс. Бәрімізге белгілі, 2020 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреді», - деді Үміт Шаяхметова баспасөз мәслихаты барысында.

Оның сөзінше, бәсекелес болудың артықшылығы – Халық банкі валюталық несиелерін төменгі пайызбен бере алатын болады. Бұл арзан қаржыландырудың арқасында жүзеге аспақ.
Қазақстандағы жеке тұлғалардың долларлық депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелер 1% -дан аспайды.

2019 жылға қатысты Халық банкінің алдында тұрған келесі жоспар – сәуірде Өзбекстанда еншілес банк ашуға лицензия алу. Мұндай жоспарды 2018 жылы Қазақстан қор биржасы да айтқан болатын. Ал Үміт Шаяхметова процесстің қалай жүзеге асатыны жайлы толығырақ баяндады.

«Сәуірде Халықтың еншілес банкін Өзбекстанда ашуға толық лицензияны күтіп жүрміз. Банк ашу үшін ғимарат дайын тұр. Бұл біздің банкті танытатын алтыншы мемлекет болмақ. Алдымен біз заңды және жеке тұлғаларға қызмет ұсынып, жыл соңында жүзеге асырамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның басқарма басшысы.

Егер жоспар сәтті жүзеге асса, Халық банк Өзбекстанда еншілес банкі бар алғашқы қазақстандық банк болмақ. Қазіргі уақытта банк филиалдары Ресейде, Қырғызстанда, Грузия, Тәжікстанда орналасқан.  Банк бүгінде 10 миллион адамға қызмет етуде.

Жалпы, 2018 жылдың 12 айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза кірісі 2017 жылдың осындай мерзімдегі 173,362 млрд теңгеден негізінен пайыздық және комиссиялық кірістер өсу есебінен 46,7 пайызға 254,238 млрд дейін ұлғайды.

2018 жылдың қорытындысына сәйкес, таза пайыздық маржа 2017 жылғы 4,9 пайыздан жылдығы 5,1 пайызға дейін өсті.

Активтер 2018 жылдың толық 12 айында 1,1 пайызға өсіп, 8,9 миллион теңгені құрады.

2017-2018 жылдары Халық банктің басты атқарған міндеті – Qazkom мен Hakyk банктерін біріктіру болды. Бүгінде Халық және Қазком нарықтың үштен бір бөлігінен артық үлеске ие.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір