• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:04:58
+35°

04 Қазан, 2018 Экономика

Халал ипотекадан құр алақан қалмаңыз, діни сеніміңіз маңызды емес

Ипотеканы діни сеніміне қарамай, кез келген адам ала алады.

Қазақстанда тұңғыш рет халал ипотека беріледі. «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ ислам ипотекасын іске қосты.

Ислам қаржы принциптерімен құрылған жаңа өнімді Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары баспана алу үшін бұрын алған ипотеканы қайта қаржыландыру үшін қазірден бастап алуына болады.

Сонымен қатар, ипотеканы діни сеніміне қарамай, кез келген адам ала алады.

Банктің хабарлауынша, Ислам ипотекасының басты құралы Мурабаха дәстүрлі пайыздық мөлшерлеменің жоқтығымен ерекшеленеді, себебі шариғатта бұған тыйым салынған. Ипотека құрылымы мынадай: банк тұрғын үй сатып алады да, оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге береді, үстеме бағаны клиент алдын ала біледі және қаржыландыру барысында ол тұрақты болады. Мұның негізі ашықтық және пайда: клиент тұрғын үйдің ақырғы бағасын нақты біледі.

Бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі – қолайлы төлем жасау тәсілі. Клиенттердің басым көпшілігі дәстүрлі банктің ақшалай төлемін (аннуитет) оңтайлы санайды, бірақ оны таңдаған кезде ипотеканың ақырғы құны ипотеканың мерзіміне қарай айтарлықтай ұлғайып кетеді. Al Hilal банкінің ислам ипотекасы бойынша төлем жасау схемасы қаржыландыру мерзімі барысында тең төлем жасауды қарастырады, бұл аннуитетке ұқсайды, бірақ дәстүрлі банктерге тән артық төлем болмайды.

«Қазақстандағы ислам банкингін дамытуда ислам ипотекасын іске қосу маңызды қадам. Бұл жеке тұлғаларды қаржыландыру бағдарламасының алғашқы өнімі. Клиенттер біздің өніміміздің артықшылықтарын, ерекше және тиімді шарттарын бағалайды деп үміттенеміз»,-деді «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елтай Мұхамеджанов.

Негізгі шарттар:

  • Қолжетімді қалалар: Алматы, Астана және Шымкент (пайдалануға берілген үйлер);
  • Алғашқы жарна: 30%-дан бастап;
  • Қаржыландыру мерзімі: 3 жылдан 15 жылға дейін;
  • Қаржыландыру сомасы: 3 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін;
  • Ең төменгі расталған еңбекақы: 200 000 теңге;
  • Жасы: 23 жастан жоғары (қаржыландыру мерзімі аяқталған сәтте зейнеткерлік жастан үлкен болмауы керек);
  • Өтінішті қарау комиссиясы – 0  теңге;
  • Келісімді рәсімдеу комиссиясы – қаржыландыру сомасының 0,5%-ы (ең төменгі 150 000 теңге, бірақ 300 000 теңгеден аспауы қажет). Қайта қаржыландыру кезінде комиссия ұсталмайды.
Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір