• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:18:13
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 Ұлы көш

Уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады

Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» мәліметіне сүйеніп. 

2017 жылдың қазанында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша, Қарағанды әкімдігі Дарын Мүбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы талап-арыз берген болатын.

Аталмыш арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқыз бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты.

Алайда, уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады. 4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгерткен жоқ. Шешімге сәйкес, Д Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір