• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:40:23
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Ресейлік тұрғындар қызының ВИЧ инфекциясына шалдыққанын дәрігерлерден жасырып қалған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі amp.kp.ru сайтының дерегін негізге алып.  12 жастағы кішкентай қыздың соңғы күндері туралы адам шошырлық мәліметтер пайда болды. 

Ата-ана ауыр дертке шалдыққанын туған қызына да айтпапты. Олар ауыр дерт туралы есту қызының психикасына қатты әсер етеді деп қорыққан. Сол себепті ата-анасы Инна (есімі өзгертілген - Ред.) 14 жасқа толғаннан кейін ауыр дерті туралы толығырақ айтып, түсіндіреміз деп ойлапты. Алайда Инна өзінің не үшін қатты қиналғанын білмей қайтыс болды.   

Ақпан айының соңында Иннаның дене қызуы қатты көтеріле бастайды. Анасы жедел жәрдем шақырғанымен, Иннаның әкесі қызын үйден емдейтінін айтып, ауруханаға жатқызуға келісім бермеген. Кейін дене қызуы төмендемеген соң Иннаны ауруханаға жатқызады. 

Морозовск ауруханасында ВИЧ-ке шалдыққан Инна көз жұмды. Ол жоғары температурамен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер Иннаның дене температурасын 37-ге түсірген. Алайда ол айығып кете алмады.     

Иннаның ата-анасы ауруханаға емделуге арналған анықтаманы жеке дәрігерінен алған. Себебі оның жеке дәрігері сол уақытта еңбек демалысында болыпты. Сондай-ақ ауруханаға әкелген кезде Иннаның медициналық құжаты болмапты. Ал ата-анасы дәрігерлерге асқынған дерт туралы жақ ашпаған. 

Инна ВИЧ-ті жұқтырған адамдарға арналған дәрі-дәрмектерді ішкен. Сондай-ақ ауруханада да сол дәрілерді күніне 2 мезгіл ішіп жүрді. Алайда дәрігерлер Иннаның асқынған дерті туралы білмегендіктен, бұл дәрілерге назар аудармаған көрінеді. 

Иннаның әке-шешесі де ВИЧ жұқтырған. Инна Морозовск ауруханасында ем қабылдай бастайды. Науқас асқазаны ауыратынын айтып, шағымданады. Сол кезде дәрігерлер гастрит болуы мүмкін екенін айтқан. Қандай ем-дом қолданса да Инна сауыға қоймады. 

Инна үнемі анасына хабарласып, өзінің хал-жағдайын айтатын. Бірде Инна анасына "Анашым, мен күйіп барамын. Мен ауыр халдемін", деп хабарлама жазып жібереді. Бұл хабарламаны оқыған анасы "шалбарыңды шеш" деп жауап жазған. Алайда бұл хабарламаны оқыған Инна жауап беріп үлгермейді. Анасы бірден қызына хабарласады. Алайда Инна телефон тұтқасын көтеруге шамасы келмейді. Кейін дәрігерлерге хабарласқан кезде қызының жансақтау бөлімінде жатқанын естиді. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан науқас туралы ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтқан соң ата-анасы ауруханаға келеді. Алайда әке-шешесі келген бойда Инна о дүниелік болады. 

12 жастағы қыздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық іске дәрігерлерді кінәлауға болмайды. Иннаның шын мәнінде бүйрегі ауырған және ВИЧ дертіне шалдыққаны белгілі болды. Дәрігерлер ауыр дерті жайлы білмегендіктен 12 жастағы қызға қажетті көмекті көрсете алмады. Сондай-ақ Иннаның өліміне ВИЧ-ке қарсы дәрі-дәрмекпен басқа дәрілерді бір уақытта ішкендігі себеп болуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір