• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:02:20
Алматы
+35°

Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында VІІ республикалық Құран жарысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оған ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз, қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жарыс

Смағұл Елубай

Жарыс

Түрлі номинация бойынша жеңіске жеткен қариларды марапаттау рәсімінде құран оқылды, дін турасында ән айтылды, өлең оқылды.

Жарыс

Айта кетейік, кеше қарилар Құранды мәнерлеп оқудан жарысты. Дода таңғы 9-да басталып, түнгі бірге дейін жалғасқан. Аталмыш додаға ел бойынша 500 қари қатысуға ниет білдірген. Оның 70-і іріктелді.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін өткізілген республикалық жарыста Құранды жаңылмай оқитындарға орын берілетін, биыл өткен бәйгеде қатысушылардың тәжуид қағидаларын меңгеруі, Құранды оқу мәнері есепке алынған.

Жарыс

VII республикалық Құран байқауына қатысқан қарилар «Мәнерлеп оқу», «Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша», «Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша» және «Құранның 30 парасын жатқа оқу бойынша» оқығандар бөлек іріктелді. Жеңіске жеткендер қаржылай марапатталды.

Әр жеңімпазға сертификатты дін өкілдері, қоғам қайраткерлері мен республикалық байқауға демеуші болған Жамал апай табыстады. Жамал апай жиналған қауымға ақ батасын берді.

Жарыс

Көлік

Құранды 30 пара бойынша жатқа оқығандар

Құранды толықтай 30 пара бойынша оқу бойынша 70 қариды басып озған 2-ші, 3-ші орын иелері 1 миллион 500 мың теңгеден басталатын қаржылай сыйлықпен  марапатталса, бас жүлде иегеріне көліктің кілті табысталды.

Құранның 30 парасын жатқа оқығандардың арасында 3-ші орынды Жамбыл облысынан келген Жахсылыков Еркебұлан Сержанұлы иеленді. Жүлде қоры -  1 миллион 500 мың теңге.

Екінші орынды Астана қаласынан келген Хакимов Фазлидин Абдихужаұлы иеленді. Жүлде қоры - 2 миллион теңге.

Бірінші орынды және бас жүлдені жеңіп алған қари Маңғыстау облысынан келді. Нағманов Нағим Серікұлына автокөлік кілтін Бас муфти  Серікбай қажы Ораздың өзі табыс етті.

Құранның 20 парасын жатқа оқығандардың арасында оза шапқандар

3-ші орынды Ақтөбе қаласынан келген қари Қартбаев Саламат Алашұлы иеленді. Жүлде қоры -1 миллион теңге.  

Қарилар арасында өткен жарысқа арнайы Маңғыстау облысынан келген Сатешов Сақи Мұхтарұлы екінші орынды иеленіп,  1 миллион 250 мың теңгені қанжығасына байлады.

СҚО-дан келген Хокимов Махмадрахим 1-ші орынды иеленді. Жүлде қоры - 1 миллион 500 мың теңге.

Құранның 10 парасын жатқа оқығандар

3-ші орын: Мыңжасов Арыстан Қожамбетұлы. Қари 500 мың теңгені қанжығасына байлады.

2-ші орын: Сейтқасым Ерқанат Серікұлы. Жүлде қоры - 750 мың теңге.

1-ші орын: Кенешбай Қуаныш Нұрланұлы  - 750 мың теңгелік жүлдеге ие болды.

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша марапатталғандар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құранды жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VII республикалық байқаудың үшінші орын иегері – Бектұрғанов Баубек Бердіғалиұлы. Оның жүлде қоры - 150 мың теңге.

Жарысқа арнайы Астанадан келген Битенов Ерлан Базарбайұлы екінші орынды қанжығасына байлады. Жүлде қоры - 300 мың теңге.

Ақмола облысынан келген Турдақынұлы Такен бірінші орынды иеленді. Жүлде қоры - 500 мың теңге.

Республикалық жарысқа қатысқандарға алғыс хат пен 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жарыс

Жарыс

Жарыс

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір