• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:31:02
Алматы
+35°

22 Қазан, 2018 Әлеумет

Ұзақ жасар сұлулар қай елдегі, әдемі ғой Алматы әйелдері!

Алматы тұрғындарының саны 2017 жылмен салыстырған 3,2 пайызға өскен.

Ресми статистика көрсетіп отырғандай, Алматы қаласының демографиялық жағдайы тұрақты, көрсеткіштер жыл санап жақсарып келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы тұрғындарының саны 2017 жылмен салыстырған 3,2 пайызға өскен. Алматының демографиялық ахуалының жақсаруына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соған бір көз жүгіртіп өтейік. 

Халықтың денсаулық көрсеткіштері

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында ұлттың саулығы – елдің ең басты мәселесі екенін айтқан. Оның ең басты көрсеткіші - халықтың өмір сүру ұзақтығы.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артты. Өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 76 жасқа (Қазақстанда – 75 жас) өскен. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы еркектермен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 79,2 жас болса, ер адамдардікі – 72 жас.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында былтырмен салыстырғанда туу көрсеткіші 4,7% өскен. Биыл қаңтар-тамыз айларындағы туу коэффициенті (1000 адамға) 18,1% болды.

           Еңбек статистикасы

Елбасы айтып өткендей: «адам еңбекқор, өз ісінің маманы болса, жақсы жалақы алса, өз ісін ашып, оны дамытуға мүмкіндігі болса кірісі көбейеді».

2018 жылдың 2 тоқсанында 15 жастан жоғары тұрғындардың экономикалық белсенділігі 959,7 мыңға жеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 23,5 мың адамға көп. Экономикалық белсенділік - 68,3%.

Қаланың экономикасын өсіру мақсатында 910,1 адам жұмыс істеді. Жалданып жұмыс істегендердің саны - 840,2 мың, ал пайыздық көрсеткіш бойынша - 92,3. Өзі кәсібі барлар - 69 884. Пайыздық көрсеткіш бойынша - 7,7%.

Жұмыссыздар саны - 49 586. Пайыздық көрсеткіш бойынша - 5,2%.

2018 жылдың 2 тоқсанында жүргізілген есеп бойынша, жұмыс істемейтін, яғни 15 жастағы және одан үлкендер - 444,9 мың адам. 2017 жылдың 2 тоқсанында 8654 адам (1,9%) болатын.

Алматы қаласы бойынша 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бір жұмысшының (кішкентай кәсіпорындарды санамағанда) орташа жалақысы - 194 322 теңге болды.

Ең жоғары айлықты қаржы саласында еңбек етіп жүрген жалдамалы жұмысшылар алады. Олардың жалақысы -  424 752 теңге.

Ең төменгі жалақыны денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын жалдамалы жұмысшылар алады. Олардың жалақысы - 108 708 теңге.

Президенттің биылғы жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру, яғни өмір сапасын арттыру туралы айтылды.

2018 жылдың 2 тоқсанында кіріс бір адамға шаққанда -  218774 теңге болды. Еңбек қызметі - кірістің негізгі бөлігін (76,6%) алып отыр. Ал шығынның көп бөлігі азық-түлік (47,5%) тауарларының есебінен.  Шығынның төрттен бір бөлігін басқа тауарлар (20,7%) алады. Шығынның 28,2% ақылы қызметке тиесілі.

Халық екінші тоқсанда азық-түлікті көбірек тұтынатын болған. Қант, кондитерлік өнімдер (27,5%), балық және теңіз өнімдері (26,9%), жеміс-жидек (18,1%), жұмыртқа (9,9%) және сүт өнімдері  (9,5%).

            Майлы  өнімдерді тұтыну 18,7%  төмендеген. Көкөністерге деген сұраныс - 4,4%, нан өнімдерін тұтыну - 3,8% төмендеген.

Баға статистикасы

Алматы қаласындағы инфляция 2018 жылы 9 айда 3,4% болды. Оның ішінде баға индексі 102,5% болды.

Бағаның өсуіне әсер еткен тауарлар: қант (22,0%), темекі (12,5%), сүт өнімдері (7,4%). Ал көкөністерге (32,7%), жарма өнімдері (8,8%), жұмыртқа (5,3%) деген сұраныс керісінше артқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір